Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бұқтырма ауданы — 1935-1962 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.

Бұқтырма ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Бұқтырма ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақ КСР

Кіреді

Шығыс Қазақстан облысы

Әкімшілік орталығы

Усть-Бұқтырма ауылы, Серебрянск қала үлгісіндегі кенті

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

9 қаңтар 1935 жылы

Таратылған уақыты

29 мамыр 1962 жылы

Тұрғындары
Тұрғыны

35 690  адам (1959)

Бұқтырма ауданы — 1935-1962 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.

Тарихы

Бұқтырма ауданы орталығы Усть-Бұқтырма ауылында 1935 жылы 9 қаңтарда Зырян ауданының бір бөлігінен құрылды (1935 жылы 31 қаңтарда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетімен бекітілген). Оның құрамына 12 ауылдық кеңес кірді (Гусинск, Кондратьев, Манат, Мякотиха, Никольск, Поперечен, Прииртыш, Северный, Тайынты, Усть-Бұқтырма, Черемшан, Чистополь).

1954 жылғы 13 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Северный және Чистополь ауылдық кеңестері таратылды, Манат және Прииртыш - Прииртыш атты бір ауылдық кеңеске біріктірілді.

1955 жылы 31 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Тайынты ауылдық кеңесі таратылды.

1955 жылғы 19 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен аудан орталығы Усть-Бұқтырма ауылынан қала үлгісіндегі Серебрянск кентіне ауыстырылды.

1957 жылдың 30 шілдесіндегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Поперечен және Кондратьев ауылдық кеңестері Кондратьев ауылдық кеңесіне біріктірілді, Прииртыш ауылдық кеңесі Тайынты болып өзгертілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылғы 24 қыркүйектегі жарлығымен Гусинский, Никольский және Черемшанский ауылдық кеңестері Зырян ауданының құрамына өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1961 жылғы 27 мамырдағы №213 шешімімен Белогор мен Тайынты ауылдық кеңестері Ұлан ауданына берілді.

1961 жылы 25 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Северный ауылдық кеңесі құрылды.

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1961 жылғы 9 қазандағы шешімімен Ерофеев кенттік кеңесі Лениногорск қалалық кеңесінің әкімшілік бағыныштылығынан Бұқтырма ауданына ауыстырылды, ол сол шешіммен ауылдық кеңес болып өзгертілді.

1962 жылы 29 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бұқтырма, Ерофеев, Первороссийск ауылдық кеңестері мен Серебрянка кенті Зырян қаласының әкімшілік бағыныштылығына, Северный ауылдық кеңесі - Киров ауданының құрамына беріліп, Бұқтырма ауданы таратылды.

Жоғары