Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

51°10′11″ с. е. 50°44′40″ ш. б. / 51.16972° с. е. 50.74444° ш. б. / 51.16972; 50.74444 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°10′11″ с. е. 50°44′40″ ш. б. / 51.16972° с. е

Бәйтерек ауданы

  • Басты бет
  • Бәйтерек ауданы

Бәйтерек ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігіндегі әкімшілік бөлініс.

Қазақстан ауданы
Бәйтерек ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Батыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Перемётное

Ауылдық округтер саны

22

Ауыл саны

68

Әкімі

Марат Тоқжанов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Перемётное ауылы, Гагарин көшесі, №139

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°10′11″ с. е. 50°44′40″ ш. б. / 51.16972° с. е. 50.74444° ш. б. / 51.16972; 50.74444 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°10′11″ с. е. 50°44′40″ ш. б. / 51.16972° с. е. 50.74444° ш. б. / 51.16972; 50.74444 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1939

Жер аумағы

7 421 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

▲ 60 040 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (61,03%), орыстар (32,84%), украиндар (1,69%), татарлар (1,44%), басқалары (3%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

090600—090628

Автомобиль коды

07

Бәйтерек ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Бәйтерек ауданы

Облыс картасындағы Бәйтерек ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды, 1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді. Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпатты жазықтан тұрады. Орталығы – Перемётное ауылы. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым. Солтүстігінде Ресеймен, батысында Тасқала, оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен, оңтүстік-шығысында Теректі ауданымен және Орал қаласымен шектеседі.

Халқы

1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
25806 ▲30850 ▲30897 ▼26563 ▲56611 ▼55420 ▲59447

Тұрғындар саны 57762 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (58,71%), орыстар (34,88%), украиндар (1,91%), татарлар (1,48%), басқалары (3,02%).

2020 жылдың басында тұрғындар саны 58595 адамды (29245 ер адам және 29350 әйел адам) құрады.

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 68 елді мекен 22 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылы 3 ▼1559
Байқоныс ауылдық округі Байқоныс ауылы 4 ▲6596
Бейбітшілік ауылдық округі Бейбітшілік ауылы 4 ▼1071
Белес ауылдық округі Белес ауылы 2 ▲1711
Дариян ауылдық округі Дарьинское ауылы 2 ▲6283
Достық ауылдық округі Достық ауылы 3 ▲5132
Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ ауылы 2 ▼514
Зелёнов ауылдық округі Зелёное ауылы 1 ▼1381
Көшім ауылдық округі Үлкен Шаған ауылы 6 ▼4040
Құрманғазы ауылдық округі Құрманғазы ауылы 2 ▼470
Макаров ауылдық округі Макарово ауылы 4 ▲1697
Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылы 4 ▲2491
Мичурин ауылдық округі Мичуринское ауылы 5 ▲9718
Перемётный ауылдық округі Перемётное ауылы 6 ▲6925
Раздольный ауылдық округі Раздольное ауылы 2 ▼566
Рубёжин ауылдық округі Рубёжинское ауылы 1 ▼1482
Сұлу көл ауылдық округі Сұлу көл ауылы 1 ▼448
Чиров ауылдық округі Чирово ауылы 2 ▼377
Шалғай ауылдық округі Шалғай ауылы 3 ▼767
Щапов ауылдық округі Щапов ауылы 2 ▲2051
Янайкин ауылдық округі Янайкино ауылы 2 ▼1031
Январцев ауылдық округі Январцев ауылы 6 ▼2156

Ірі елді мекендері

Атауы Статусы Халқы (2021)
Мичуринское ауыл ▲6219
Дарьинское ауыл ▲5701
Достық (Фурманово) ауыл ▲4471
Перемётное ауыл ▲4340
Байқоныс ауыл ▲3563
Махамбет (Чапово) ауыл ▲2206
Асан (Набережное) ауыл ▲2199
Калининское ауыл ▲1913
Щапов ауыл ▲1723
Белес (Ростоши) ауыл ▲1582
Үлкен Шаған ауыл ▼1503
Рубёжинское ауыл ▼1482
Көшім ауыл ▼1475
Новенькое ауыл ▲1383
Зелёное ауыл ▼1381
Январцев ауыл ▼1136
Володарское ауыл ▼1121
Атамекен (Железново) ауыл ▼882
Янайкино ауыл ▼871
Бейбітшілік (Погодаево) ауыл ▼869
Макарово ауыл ▼765
Шалғай (Первосоветское) ауыл ▼689
Қайнар (Новенький) ауыл ▼649
Чувашинское ауыл ▲596
Озёрное ауыл ▼582
Жайық ауыл ▲529
Колесово ауыл ▼525
Жамбыл ауыл ▼506

Су жүйесі, топырағы

Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 км) Орал өзені (184 км), Көшім (48км), Ембулатовка (99 км) Рубежка (82 км), Быковка (90 км) және сондай-ақ Киров бөгені мен Орал-Көшім суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады. Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі. Солтүстігінде жері қара топырақты.

Шаруашылығы

Шаруашылықтағы негізгі бағыт - егін шаруашылығы. Егін шаруашылығымен қатар, негізінен ет-сүт бағытындағы мал шарушалығы дамыған.

Бәйтерек ауданы I ауылшарушылық аумаққа жатады. Бұл аумақта дәнді, майлы дақылдар, жемшөптер, қартоп және көкөніс, жеміс-жидек, екпе ағаштары жинақталған. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру және ет-жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Приурал ауданы

  • Наурыз 22, 2026

    Химиялық элементтер тізімі

  • Сәуір 05, 2026

    Әл-Инфитар сүресі

  • Наурыз 11, 2026

    Қырғызстан

  • Наурыз 23, 2026

    Негіздер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары