Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бөгенбай Маянбайұлы (1630, Батыс Сібірдегі Шетқурай деген жерде (қазіргі Екатеринбург қаласының шетіндегі Шатрово қонысы – 1708, сонда) — қазақ батыры. Орта жүз

Бөгенбай Маянбайұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бөгенбай Маянбайұлы (1630, Батыс Сібірдегі Шетқурай деген жерде (қазіргі Екатеринбург қаласының шетіндегі Шатрово қонысы – 1708, сонда) — қазақ батыры. Орта жүз Керей тайпасының Ашамайлы руынан.

Әз Тәуке заманында қазақ, қарақалпақ, ноғайдың біріккен әскерін басқарып, ордабасы сайланған (1668). Бөгенбай қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы бірқатар шайқастарды басынан кешіріп, Сібір татарларын Еділ бойы қалмақтарының шапқыншылығынан қорғауда үлкен үлес қосқан. Бөгенбай 1688 жылы көктемінде қалмақтардың шабуылына тойтарыс беріп, өзі осы соғыста жараланады.

Бөгенбай батыр — Жанкісі жыраудың “Бөгенбай батыр” қиссасының бас кейіпкері.

Жоғары