Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ватикандық Пьета — Микеланджело Буонарротидің 1499 жылы жасаған мүсіні. Онда әулие Мәриямнің өз ұлы Исаны кресттен алып тастағандағы кейпі бейнеленген.

Ватикандық Пьета

  • Басты бет
  • Ватикандық Пьета

Ватикандық Пьета — Микеланджело Буонарротидің 1499 жылы жасаған мүсіні. Онда әулие Мәриямнің өз ұлы Исаны кресттен алып тастағандағы кейпі бейнеленген.

Микеланджело бұл мүсінді 24 жасында бітіріп шыққан. Ол Ватикан қала-мемлекетінің негізгі ғимараты болып есептелінетін Әулие Петер базиликасында орналасқан.

Мүсін биіктігі — 1,74 метр, ені — 1,95 метр. Каррара қаласынан әкелінген мәрмәрден жасалған.

Бұл Микеланджелоның қолтаңбасы қойылған жалғыз туынды. Кескіндемеші әрі жазушы Джорджо Вазаридің дерегінше, мүсін капеллада орнатылғаннан кейін Микеланджело оны тамашалауға өзі жиі келіп тұратын. Бір күні әлдебіреулердің әңгімесін тыңдағанда, олардың мүсінді мақтап, «оны миландық Гоббо жасапты» деген өсекті естіп қояды. Сонда келесі түні ол оралып, мүсінге «Микеланджело Буонарроти флоренциялық жасаған» деген жазуды нақыштап қояды.

1637 жылы Рим папасы Урбан VIII мүсінге қатысты каноникалық коронация рәсімін өткізуді бұйырды. 31 тамыз күні итальян шебері Фантино Таглиетти жасаған тәж мүсіннің үстінен ресми түрде орнатылды. Ал 1713 жылы сол тәжді ұстағандай етіп, жанына екі ұшатын бала періштенің мүсіндері қосылды. Бірақ 1749 жылы тәж мен періштелерді қайтадан алып тастаған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Бұхара хандығы

  • Сәуір 07, 2026

    Ресей-Украина соғысы

  • Сәуір 04, 2026

    Арканзас (айрық)

  • Наурыз 11, 2026

    Тәуелсіз Қазақстан тарихы

  • Сәуір 04, 2026

    Таскескен ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары