Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

1595 жылы наурызда Тәуекел ханға орыс елшілігін бастап келді. Бұдан бұрын 1594 ж. Тәуекел ханның Құлмұхаммед елшілігі жәрдем сұрап, орыс патшасы Федор Ивановичт

Вельямин Степанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Вельямин Степанов (туған-өлген жылы белгісіз) – Ресейдің Сыртқы істер коллегиясының елшісі.

1595 жылы наурызда Тәуекел ханға орыс елшілігін бастап келді. Бұдан бұрын 1594 ж. Тәуекел ханның Құлмұхаммед елшілігі жәрдем сұрап, орыс патшасы Федор Ивановичтің қабылдауында Мәскеуде болып қайтқан еді. Ресей қазақ хандарымен одақ құруға мүдделі болды. Олар Тәуекелді Көшімге қарсы қоюға және Орта Азия хандықтарымен, Иранмен келіссөз жүргізуге пайдаланбақ ниетінде болды.

Келіссөз нәтижесінде Ресей мен Қазақстан арасында саяси келісім жасалды.

Жоғары