Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұлы Владимир делінетін Владимир I Святославич (ежелгі орыс. Володимѣръ Свѧтославичь,шоқынған есімі: Василий) — 970 жылдан Новгород кінәзі және 978 жылдан 1015 ж

Владимир Святославич

  • Басты бет
  • Владимир Святославич

Ұлы Владимир делінетін Владимир I Святославич (ежелгі орыс. Володимѣръ Свѧтославичь,шоқынған есімі: Василий) — 970 жылдан Новгород кінәзі және 978 жылдан 1015 жылғы өліміне дейін Киев Ұлы Кінәзі.Католик пен Шығыс православие шіркеулері оны Әулие Владимир деп канондаған.

Владимир Святославич
ежелгі орыс. Володимѣръ Свѧтославичь
Владимир Святославич
Монетасында бейнеленген Владимир. Ол Византия стильді тәж киген, кресті бар таяқ пен үш ашалы айыр (тризуб) ұстаған
Лауазымы
Киев Ұлы кінәзі
980 — 15 шілде 1015
Ізашары Ярополк Святославич
Ізбасары Святополк Владимирович
Новгород кінәзі
970 — шам. 988
Ізашары Святослав Игоревич
Ізбасары Вышеслав Владимирович
Өмірбаяны
Діні Пұтқа табыну, 988 жылдан православие
Дүниеге келуі шам. 958
Будник, не Будятичи
Қайтыс болуы 15 шілде 1015 (1015-07-15)
Берестово
Жерленді Десятиналық шіркеу, Киев
Династия Рюрик әулеті
Жұбайы
  • Рогнеда Рогволодовна (978–987)
  • есімі белгісіз 5 әйел
  • византиялық Анна
    ​
    ​
    (үйл. 988⁠–⁠1011)​
Балалары Бірнеше, соның ішінде Святополк пен Ярослав
Владимир Святославич Ортаққорда
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Владимирдің әкесі Рюрик әулетінен шыққан Святослав Игоревич еді. 972 жылғы Святослав өлімінен кейін Владимирдің бауыры Ярополк Русьтің жалғыз билеушісі боламын деп басқа бауыры Олегті өлтірді де, Новгород кінәзі Владимир шетелге қашуға мәжбүр болды. Владимир варягтар әскерін жинап, 978 жылы Ярополкті биліктен қуды. 980 жылға қарай Владимир өз патшалығын Балтық теңізіне бекітіп, шекараларды болгарлардың, Балтық тайпаларының және шығыс көшпенділерінің шабуылдарынан қорғады. Бұрын пұтқа табынған Владимир 988 жылы христиан дінін қабылдады, көп ұзамай Киев Русін шоқындырды.

Мазмұны

Өмірбаяны

Владимир норман-русь кінәзі Святослав Игоревичтің ұлы мен X–XIII ғасырларда билік құрған Рюрик әулетінің мүшесі еді. 970 жылы ол Новгород кінәзі атанды.

Әкесінің өлімінен кейін Владимирдің бауыры Ярополк Святославич Русьтегі билікті өзіне аламын деп өзге бауыры Олег Святославичті өлтіреді. Туысынан көмек алған Владимир осы себептен шетелге кетуге мәжбүр болады. 978 жылы ол Ярополктің орнын алды. 980 жылға қарай ол Русь жерін қазіргі Украинадан Балтық теңізіне дейін кеңейтті.

Христиан діні Киев Русінде болса да, кінәз Владимир пұтқа табына берді, 7 түрлі әйелге үйленді, храмдар бастады. Бірнеше дереккөз ақпаратынша ол, оған қоса, адамдарды құрбандыққа да шалды. Византия басшысы II Бәзіл Русьтен әскери көмек аламын деп Владимирмен келісім жасайды. Келісім бойынша Владимир Бәзілдің қарындасы Аннаға үйленеді де, христиандық дінін қабылдайды. Шоқынғанда Василий (Бәзіл) есімін алған ол Корсун жерін жаулайды. Владимир тағы Русьті шоқындырады да, мемлекет шіркеу славян тілі мен Византия салтын қабылдайды. Византиялықтар осы арқылы Русьтегі ықпалын көбейтіп, Киевте грек митрополитін тағайындайды. Владимир білім беру, заң мен қайырымдылық салаларын аса дамытып, Десятиналық шіркеу сияқты соборлар бастайды.

Әйелі византиялық Анна өлімінен кейін Владимир Қасиетті Рим империясы билеушілер отбасына үйленді. Оның бұл некеден туған қызы кейін I Казимирдің консорты атанды.

Маңыздылығы мен еске алу

Шығыс православие, византиялық лютеран мен католик шіркеулері 15/28 шілде күнін Әулие Владимир құрметіне арнайды.

Украинадағы Владимир құрметіне аталған Владимир қаласын кінәздің өзі негіздеген еді. Ресейдегі Владимир қаласының негізделуін жасаған деп көбіне Владимир Мономах айтылады.

Киев ең ірі шіркеулерінің бірі, Владимир соборы Владимир құрметіне аталған. Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті де бұрын Владимир есіміне ие еді. Америка Құрама Штаттарында орналасқан және Ресей империясы негіздеген Әулие Владимир ордені мен Әулие Владимир діни семинариясы да Владимирге арналған.

Киев Русінің тарихы мен осылайша Владимир өмірбаянының Украинаға, не Ресейге тиесілі болғаны кеңестік заманнан бері талқыланады. Бүгінгі күні ол Украинаның да, Беларусьтің де, Ресейдің де тарихы, әрі символы делінеді.

  •  
    Әулие Владимир минеясы, 1619 жыл
  •  
    Русь шоқынуы, Виктор Васнецов (1885–1896) картинасы
  •  
    Киевтегі Ұлы Владимир мүсіні
  •  
    Лондондағы Ұлыбритания украиндары бастаған Владимир мүсіні
  •  
    Ресей мыңжылдығы монументіндегі Владимир мүсіні, Новгород
  •  
    ₴1 Украин гривнасы банкнотындағы Ұлы Владимир бейнесі, шам. 2006 жыл

Ескертпелер

  1. орыс. Владимир Святославич, укр. Володимир Святославич, белар. Уладзімір Святаславіч, еж. сканд. Valdamarr gamli
  2. Қазақша тағы Бәзіл
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 15, 2026

    Әл-Фатиха сүресі

  • Сәуір 12, 2026

    Достық каналы

  • Сәуір 09, 2026

    Абыз (адам)

  • Сәуір 09, 2026

    Мұхтар Мағауин

  • Сәуір 07, 2026

    Тоқа Темір

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары