Географиялық детерменизм - қоғамдық өмір және саяси даму құбылыстарын табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен елдің немесе аймақтың географиялық орналасуы арқылы түсіндіретін концепция.
Географиялық детерменизм өндіргіш күштерді орналастыруда жергілікті табиғат жағдайлары мен экономикалық және әлеуметтік жағдайларды нақты есептеуді талап етеді. Географиялық детерменизмге қарама-қарсы түжырымды географиялық индетерменизм деп атайды. Ол қоғам мен табиғи ортаның өзара әрекеттестігінің себептілігін мойындамайды. Қоғам дамуындағы географиялық факторларды асыра бағалайтын тұжырымдаманы тұрпайы географизм деп атайды.
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- География жѕне геодезия