Гиперкомплекс сан (гр. гипер — үсті, асқын; лат. комплекс — байланыс, үйлесім, құранды) — XIX ғасырда комплекс санның көп өлшемді (> 2 өлшемді) векторлық кеңістіктегі сан жүйесін құруға әрекеттенген кезде туындаған жалпыланған ұғым. Гиперкомплекс санға 4 өлшемді кеңістікте жүзеге асырылатын кватерниондар мысал бола алады. Кватерниондар гиперкомплекс сандар арасындағы нақты және комплекс сандарға ең жақын сандар болып табылады.
Санаттар:
- Алгебра
- Сандар теориясы