| Грайндхаус | |
| Grindhouse | |
| |
| Жанры | хоррор |
|---|---|
| Режиссёрі | |
| Продюсері | Элизабет Авеллан |
| Сценарийдің авторы | |
| Басты рөлдерде | Роуз Макгоуэн |
| Операторы | |
| Сазгері | Грэм Ревелл |
| Кинокомпания |
|
| Ұзақтығы | 191 мин. |
| Бюджеті | 53 млн. $ |
| Кассалық түсімі | 25 млн $ |
| Мемлекет |
|
| Тілі | |
| Шыққан жылы | 2007 |
| IMDb | |
| http://www.grindhousemovie.net Ортаққордағы Грайндхаус | |
Грайндхаус (ағылш. Grindhouse) — режиссерлер Квентин Тарантино және Роберт Родригестің бірлескен жобасы.
Құрылымы
«Грайндхаус» Тарантиноның «Өлімнен қорғалған» (Death Proof), Родригестің «Қорқыныш планетасы» (Planet Terror) фильмдерінен және түсірілмеген фильмдердің трейлерінен тұрады. Бірнеше жылдан кейін Родригес «Мачете» трейлерін толықметражды фильмге дейін кеңейткен. «Өлімнен қорғалған» және «Қорқыныш планетасы» бір-бірінен тәуелсіз сюжетпен түсірілгеніне қарамастан, олар бірнеше ортақ кездерімен байланысқан.
Стилистикасы
Грайндхаус — бұл Б-категориялы фильмдерді көрсетумен мамандандырылған кинотеатр. Сондай кинотеатрлар АҚШ-та 70-шы жылдарда үлкен сұранысқа ие болды. Бұл уақыт эксплойтейшн жанрындағы фильмердің есею дәуірі болатын. Эксплойтейшн жанры Тарантино мен Родригестің режиссерлік стилі қалыптастыруына үлкен әсер етті және екеуі де осы жанрдың үлкен табынушылары болып табылады. Сондықтан екі фильмі де төмен бюджетті кино эстетикасын ұстануға тырысты.
Прокат
67 миллион бюджеті бар «Грайндхаус», америкада кассалық жинақтары 25 миллионға дейін әзер жетті. Ондай сәтсіздіктен кейін фильм продюссерлері ағайынды Вайнштейндер «Грайндхаусты» бөліп, әр бөлігін жеке шығару туралы шешім қабылдады. Тарантино мен Родригес өз фильмдерін қайта құрастырып, екі сағаттық форматқа дейін кеңейткеннен кейін «Грайндхаус» европалық прокатта бөлініп көрсетілді.
Бірақ қаржылық сәтсіздік сыншылар арасында жоғары бағаға ие болуына кедергі жасамаған. «Өлімнен қорғалған» фильмінің «Канн кинофестивалінің» негізгі конкурстық бағдарламасына енуі осыған дәлел.
- Алфавит бойынша фильмдер
- 2007 жылғы фильмдер
- АҚШ фильмдері
- Квентин Тарантино фильмдері
- Роберт Родригес фильмдері
