| Григорьев мұздығы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Түрі | Аңғарлық мұздық |
| Ауданы | 8,9 км² |
| Ұзындығы | 4,7 км |
| Орналасуы | |
| 43°05′16″ с. е. 77°27′46″ ш. б. / 43.08778° с. е. 77.46278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°05′16″ с. е. 77°27′46″ ш. б. / 43.08778° с. е. 77.46278° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Алматы облысы |
Григорьев мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық типтегі мұздық. Іле алабындағы Есік өзенінің саласы – Көкбұлақтың бастауында. Кеңес географы, академик А.А. Григорьевтің есімімен 1941 жылы аталған.
Аумағы
Мұздық солтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 4,7 км, ауданы 8,9 км2, көлемі 0,72 км3. Фирн сызығы 3850 м биіктікте. Мұздық тік, құлама келген үш цирктен қоректенеді. Ашық жатқан мұздық тілі 3560 м биіктікте бітеді. Көкбұлақ өзені Григорьев мұздығынан басталады. Мұздық жылына 5 – 10 м шегінуде.
Санаттар:
- Алфавит бойынша мұздықтар
- Алматы облысы мұздықтары
- Іле Алатауы
