Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

51°28′40″ с. е. 0°00′05″ б. б. / 51.4778111° с. е. 0.0014750° б. б. / 51.4778111; -0.0014750 (G) (O) (Я)

Гринвич обсерваториясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гринвич обсерваториясы
Royal Greenwich Observatory
Коды

000 (бақылаулар)

Орналасуы

Лондон

Координаттары

51°28′40″ с. е. 0°00′05″ б. б. / 51.4778111° с. е. 0.0014750° б. б. / 51.4778111; -0.0014750 (G) (O) (Я)

Биіктігі т.д-нен

68 м

Негізі қаланды

4 (14) наурыз 1675 жыл

Сайты

https://www.rmg.co.uk/royal-observatory/

ЮНЕСКО Әлемдік мұрасы

Ғимараттың 1824 жылдағы көрінісі

Гринвич патшалық обсерваториясы — Ұлыбританияның басты астрономиялық мекемесі.

1675 жылы Лондон қаласының шетіндегі Гринвич округында, теңізде жүзушілерге қажетті уақытты анықтау және жұлдыз, Күн, Ай координаталарын есептеп табу үшін құрылған.

Осы обсерваторияның пассаждық аспабы арқылы өтетін меридиан 1884 жылы халықаралық келісім бойынша географиялық бойлық пен белдеулік уақытты есептеудің бастапқы меридианы ретінде қабылданған. Гринвичте орналасқандықтан ол Гринвич меридианы деп аталатын болды.

1893 жылы обсерваторияда 28-дюймдік рефрактор телескобы орнатылды. Ол бүгінгі күнге шейін Ұлыбританиядағы ең үлкен рефрактор болып келеді.

Қаланың ішінде орналасуы бақылау ісіне кедергілер келтіргендіктен, 1950-ші жылдары обсерватория Хёрстмонсо қамалына көшірілген (бұрынғы жерден оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырымда). 1998 жылы ол қайтадан Гринвичке ауысады және негізімен мұражайлық қызметті атқара бастайды.

Нөлдік меридианды белгілейтін лазер сәулесі

1997 жылы обсерватория Гринвичтегі сәулеттік кешен құрамында ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілді.

Тағы қараңыз

Жоғары