Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Грузин жазулары (ქართული დამწერლობა kartuli damtserloba) — грузин тілінің фонемалық құрамын бейнелейтін ерекше жазу. Онда әрбір фонемаға белгілі бір графема сәй

Грузин жазулары

  • Басты бет
  • Грузин жазулары

Грузин жазулары (ქართული დამწერლობა kartuli damtserloba) — грузин тілінің фонемалық құрамын бейнелейтін ерекше жазу. Онда әрбір фонемаға белгілі бір графема сәйкес келеді. Көне грузин тілінде 37 (38), қазіргі грузин тілінде 33 (5 дауысты, 28 дауыссыз үшін) әріп болған, бас әрпі болмайды.

Oldest Georgian inscription of Bethlehem, 430 AD.

Грузин жылнамасы бойынша Грузин жазуын б. з. д. 4—3 ғғ. Фарнавазу патша жасаған. Грузин жазуының финикий, арамей, грек т. б. жазулармен тектестігі жайында әртүрлі болжам бар. Г. В. Церетели грузин жазуын шығыс арамей жазуының бір түрімен байланыстырады. Грузин жазуының алғашқы нұсқалары 5 ғасырда сақталған.

Даму процесінде грузин жазуының бір-бірінен ерекше 3 түрі қалыптаскан. Олар бірінен бірі шыққан, туыстас:

  • Асомтаврули (дөнгелек жазу, 9—10 ғасырлар),
  • Нусхури (кіші әріпті жазу, 9—11 ғасырлар).
  • Мхедрули (азаматтық, зайырлы (светское) жазу, 10 ғ. бері).

17 ғасырлар мхедрули осы күнгі қалпына келіп, қоғамдық өмірдін барлық саласына еніп, кітап бастырумен байланысты біржолата орныққан.

Letters
ა ბ გ დ ე ვ ზ ჱ თ ი კ ლ მ ნ
ჲ ო პ ჟ რ ს ტ ჳ უ ფ ქ ღ ყ შ
ჩ ც ძ წ ჭ ხ ჴ ჯ ჰ ჵ ჶ ჷ ჺ ჸ ჹ
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Қаратөбе ауданы

  • Наурыз 12, 2026

    Фариза Оңғарсынова

  • Сәуір 06, 2026

    Қарабастау свитасы

  • Сәуір 03, 2026

    Әзімбек Пазылбекұлы

  • Наурыз 25, 2026

    Гамета

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары