| Дана Абибуллақызы | |
| |
| Туған күні | 9 мамыр 1979 (47 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, ҚазКСР |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымы орынбасары |
| Әкесі | Абибулла |
| Марапаттары мен сыйлықтары | «Ақпарат саласының үздігі» |
Дана Абибуллақызы (09 мамыр 1979 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары.
Қызмет жолы
- 1999-2001 жж. «Сенім» АЖЗҚ» ЖАҚ менеджері;
- 2001 жылдың қаңтарынан — 2001 жылдың қыркүйегіне дейін Онтүстік Қазақстан облысының Тұрмыстық статистика туралы ақпарат-статистика орталығы үй шарушылығын статистикалық қамтамасыз ету бөлімінің 2-санаттағы маманы;
- 2002 жылдың сәуірінен — 2002 жылдың қарашасына дейін - «Қазагрокапитал» холдингі «СӘТ» ЖШС бас бухгалтері;
- 2002-2003 жж. «Қазагрокапитал» холдингі «Транс Спец Экспорт» ЖШС бас бухгалтері;
- 2003-2006 жж. «Қазагрокапитал» холдингі «Интер Фуд Трейд» ЖШС бас бухгалтері;
- 2006 жылдың шілдесінен — 2006 жылдың тамызына дейін «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің жетекші маманы;
- 2006-2008 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы;
- 2008-2009 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас бухгалтерінің орынбасары;
- 2009-2014 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас бухгалтері;
- 2014-2019 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің қаржы директоры;
- 2019 жылдың қыркүйегінен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары.
Білімі
- Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 9 мамырда туғандар
- 1979 жылы туғандар
- Түркістанда туғандар
