Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Джеймс Чедвик(Chadwick) (20.10.1891, Манчестер,-24.7.1974)-ағылшын физигі, Лондон корольдық қоғамының мүшесі (1927). Э.Резеорфордтың оқушысы.

Джеймс Чедвик

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джеймс Чедвик

Джеймс Чедвик(Chadwick) (20.10.1891, Манчестер,-24.7.1974)-ағылшын физигі, Лондон корольдық қоғамының мүшесі (1927). Э.Резеорфордтың оқушысы.

Өмірбаяны

Манчестер және Кембридж университеттерін бітірген. 1923-1935 ж. Кембридж университетінде сабақ берді. Кавендиш лабораториясы директорының орынбасары болды. 1935-1948 ж. Ливерпуль университетініе профессоры. 1948 жылдан Кембридж университетінің Гонвил және Киз колледжінің директоры.

Еңбектері мен зерттеулері

Чедвиктің еңбектері негізінен атом ядросы физикасына арналған. Ол 1920 ж. платина, күміс және мыс ядроларының α-бөлшекті шашыратуын бақылады. Мұның нәтижесінде Чедвик ядролардың зарядын тікелей өлшеді. Сөйтіп атомның Резерфорд жасаған теориясын дәлелдеп берді. Чедвик 1932 ж. нейтронды ашып, 1934-1935 ж оның массасының дәлірек мәнін анықтады. 1943-1945 ж . Лос-Аламос (АҚШ) лабораториясында атом бомбасының жобасын жасау жұмысымен айналысқан ғалымдар тобын басқарды.

Сыйлықтары

Нобель сыйлығының лауреаты (1935).

Қолданылған әдебиет

  • Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 100-101 бет
Жоғары