Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Джин Келли (ағылш. Gene Kelly, толық аты Эвган Кюрран Келли (ағылш. Eugene Curran Kelly); 1912 ж. 23 тамыз — 1996 ж. 2 ақпан) — америкалық актёр, хореограф, реж

Джин Келли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джин Келли
ағылш. Gene Kelly
Сурет
Студиялық фотосурет, 1950 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

ағылш. Eugene Curran Kelly

Туған күні

23 тамыз 1912 (1912-08-23)

Туған жері

АҚШ, Питсбург

Қайтыс болған күні

2 ақпан 1996 (1996-02-02)(83 жас)

Қайтыс болған жері

АҚШ, Голливуд

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актёр
режиссёр

Белсенді жылдары

1938-1994

IMDb

ID 0000037

Джин Келли (ағылш. Gene Kelly, толық аты Эвган Кюрран Келли (ағылш. Eugene Curran Kelly); 1912 ж. 23 тамыз — 1996 ж. 2 ақпан) — америкалық актёр, хореограф, режиссёр, əнші жəне продюсер. 1940-1950 жылдары ол Голливуд жұлдызы болып, осы уақыт аралығында əлемдік кинематографтың алтын қорына қосылған ондаған фильмдер түсірді. Соған қарамастан, əлемге ол «Жаңбырдың астындағы əншілер» мюзикліндегі рөлі арқылы таныс.

Өмірбаяны

Бала кезінен-ақ Джин Келли биге қызықты, кейінірек тас қалаушы, даяшы жəне би үйретуші қызметтерінде жұмыс істеді. Бродвейдегі алғашқы табысы Келлиге «Pal Joey» мюзиклі арқылы келді. Дэвид О. Селзниктің көмегімен Келли Голливудқа көшіп келеді. Оның кинодағы алғашқы рөлі «MGM» компаниясы үшін əйгілі режиссер-хореограф Басби Беркли түсірген «Мен жəне менің қызым үшін» фильміндегі рөл болатын.

1941-1957 жылдар аралығында Джин актриса Бетси Блэрге үйленген болатын. 1949-1957 жылдар аралығында вокалдық жəне хореографиялық қабілеті белгілі актер өзін талантты режиссер əрі хореограф ретінде де танытты. Осы кезеңде Келли атақты режиссерлар Стенли Донен жəне Винсент Миннеллимен біріге отырып, американдық кино тарихындағы үздік музыкалық фильмдерді жасап шығарды. Соның ішінде керемет атаққа ие болған «Жаңбырдың астындағы əншілер» мюзиклі де бар, бұл фильмде актер кино жұлдызы Дон Локвудты сомдап, бірнеше хореографиялық қойылымдарды жасап шығарды.

ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы музыкалық кинематограф жұлдыздары Джуди Гарленд пен Фред Астермен Джин Келлидің терезесі тең тұрған болатын. 1957 жылдан кейін Келли еңбегінің басым бөлігін режиссураға арнады.

Фильмографиясы

Актерлық жұмыстары

  • 1942 — «Мен жəне менің қызым үшін»
  • 1944 — «Рождестволық демалыс»
  • 1944 — «Мұқабадағы қыз»
  • 1945 — «Зəкірді көтер»
  • 1946 — «Зигфилдтың бассыздығы»
  • 1948 — «Теңіз қарақшысы»
  • 1948 — «Үш мушкетёр»
  • 1949 — «Мені бейсболға ала кет»
  • 1950 — «Фермадағы жаз»
  • 1951 — «Американдық Парижда»
  • 1952 — «Жаңбырдың астындағы əншілер»
  • 1954 — «Бригадун»
  • 1955 — «Əрдайым жақсы ауа райы»
  • 1956 — «Биге шақыру»
  • 1957 — «Қыздар»
  • 1967 — «Рошфордың қыздары»
  • 1980 — «Ксанаду»
  • 1988 — «Майкл Джексон… аңыз аяқталмайды»

Режиссерлық жұмыстары

  • 1949 — «Қалаға қашу»
  • 1952 — «Жаңбырдың астындағы əншілер»
  • 1967 — «Үйленген еркекке басшылық»
  • 1969 — «Сәлем, Долли!»
Жоғары