| Джордж Оруэлл | |
| ағылш. George Orwell | |
| |
| Туған күні | 25 маусым 1903 |
|---|---|
| Туған жері | Мотихари, Британ Үндістаны |
| Қайтыс болған күні | 21 қаңтар 1950 (46 жас) |
| Қайтыс болған жері | Лондон, Ұлыбритания |
| Азаматтығы |
|
| Мансабы | жазушы, публицист |
| Шығармашылық жылдары | 1935—1950 |
| Жанры | проза, антиутопия |
Ортаққордағы санаты: Джордж Оруэлл | |
Джордж Оруэлл (ағылш. George Orwell, туған кездегі есімі Эрик Артур Блэр, ағылш. Eric Arthur Blair; 25 маусым 1903, Мотихари, Британ Үндістаны — 21 қаңтар 1950, Лондон, Ұлыбритания) — британдық жазушы және публицист. «1984» атты антиутопиялық роман авторы. Оның шығармалары қарапайым баяндау стилімен, тоталитаризмді сынауымен және демократиялық социализмді қолдауымен ерекшеленеді.
Оруэллдың ең танымал жұмыстарына сатиралық романы "Мал қора" (1945) және дистопиялық "1984" романы кіреді. «Мал қора» атты сатиралық повесінде социалистік теңдік принциптерінің бірте-бірте диктатура мен тоталитаризмге айналып кету құбылысы мал қораны мекен еткен жануарлардың мысалында қызықты әрі уытты тілмен шебер суреттелген.
Өмірбаяны
Джордж Оруэллдың туғандағы шын есімі Эрик Артур Блэр, 1903 жылы 25 маусымда Үндістан мемлекеті, Мотихари елді мекенінде дүниеге келді. Оның әкесі, Ричард Блэр, Үндістанның британдық отаршылдық әкімшілігінің апиын департаментінде арнайы жасақ құрамында қызмет еткен. Оның анасы Ида Блэр Бирманың Моламяйне қаласында өсті, отбасы кеме жасау және тик саудасын жүргізді. Эриктің екі апа қарындасы болған: Марджори, 5 жас үлкен апасы болса, Аврил бес жас кіші қарындасы болған. Эрик 1 жасқа толғанда, ол анасы және әпкесі Марджоримен Ұлыбританияға қоныс аударды.
Бастауыш білімін Сент-Киприан мектебінде алды (ағылш.) орыс. (Истборн), онда ол 8 жастан 13 жасқа дейін оқыды. 1917 жылы ол арнайы стипендия алып, 1921 жылға дейін Этон колледжінде оқыды, онда оның француз тілі мұғалімі Олдос Хаксли болды. 1922 жылдан 1927 жылға дейін Бирмадағы отаршыл полицияда қызмет етті, содан кейін Ұлыбритания мен Еуропада күн көру үшін, ұзақ уақыт кездейсоқ жұмыстармен айналысты,бір жағынан көркем проза мен публицистика жазуды қолға ала бастады.
30 жасында жазған өлендерінің бірінде: "Мен бұл уақыттан бөтенмін"
- 25 маусымда туғандар
- 1903 жылы туғандар
- 21 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1950 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Туберкулёзден қайтыс болғандар
- Ұлыбритания жазушылары
- Ағылшын жазушылары
- Ұлыбритания социалистері
