Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Джули Элизабет Эндрюс ханым (ағылш. Julie Elizabeth Andrews, 1 қазан 1935) – британдық актриса, әнші, биші және жазушы. Эндрюс, балалар актрисасы және әншісі, б

Джули Эндрюс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джули Эндрюс
ағылш. Julie Andrews
Сурет
2001 жылғы Джули Эндрюс
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Джулия Элизабет Уэллс

Туған күні

1 қазан 1935 (1935-10-01)(90 жас)

Туған жері

Уолтон-он-Темз, Суррей, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актриса, әнші, прозаик

IMDb

ID 0000267

Ортаққордағы Джули Эндрюс

Джули Элизабет Эндрюс ханым (ағылш. Julie Elizabeth Andrews, 1 қазан 1935) – британдық актриса, әнші, биші және жазушы. Эндрюс, балалар актрисасы және әншісі, бірінші рет сахнаға 1948 жылы Вест-Энде, ал бірінші дебютін Бродвейде “Дос-жігіт” филімінде түсті. 1952 жылы Әнші ханшайым италияндық мультфиліміндегі Зейла ханшайымын дауыстады. Ұлыбританияның ең жас примадоннасы даңқына ол «Менің әділ ханым» (1956) және «Камелот» (1960) бродвейдегі мюзиклдерінде басты рөлдерге ие болып, Элиза Дулиттл және Геневер патшайымы рөлдерін ойнады.Джули Эндрюс фильмдерге дебютын «Мэри Поппинс» (1964) филімімен бастап, фильмдегі Мэри Поппинс рөлі үшін «Оскар» сыйлығының «Үздік актриса» номинациясына ие болды. Ол «Музыка дыбысы» (1965) фильміндегі Мария Траптың рөлін керемет ойнап шыққаны үшін «Алтын глобус» сыйлығын, комедия немесе мюзиклдегі үздік әйел рөлі номинациясын жеңіп алды.

1964 және 1986 жылдар аралығында Джули Эндрюс «Американизация Эмили» (1964), «Гавайи» (1966), «Порванный занавес» (1966), «Совершенно современная Милли» (1967), «Звезда!». (1968), Семя тамаринда (1974), 10 (1979), S.O.B. (1981), Виктор / Виктория (1982), Это жизнь! (1986) и Duet for One (1986) фильмдерінде түсті. 1986 жылдан кейін жұмыс жүктемесі азайып ол тек қана екі фильмде, біреуі 1991 жылы, екіншісі 2000 жылы түсті. Алайда, жаңа мыңжылдықта оның карьерасы қайта жанданады.

Ерте өмірі

Джулия Элизабет Уэллс 1 қазан 1935 жылы, Англия, Суррей графтығы, Уолтон-он- Темзеде дүниеге келді. Анасы - Барбара Уорд Уэллс, 1932 жылы Эдвард Чарльзға тұрмысқа шықты. Екінші соғыс жылдары Барбара мен Эдвард ұзақ уақыт жырақта тұрып, ақыр соңында ажырасады. Кейін екеуі де қайта үйленеді, анасы 1943 жылы Тэд Эндрюске, ал әкесі 1944 жылы Минифед Мундқа.

Мансап

1945-1953: Ұлыбританиядағы алғашқы мансабы

1945 жылдан бастап және келесі екі жыл ішінде Джули Эндрюс ата-анасымен бірге сахнада, ешқандай төлем ақысыз өнер көрсетті. Бір күні олар маған “Күндіз тынығып алуың керек, өйткені кешке анаңмен және өгей әкеңмен сахнада ән айтуға рұқсат береміз”, - деген сөздерді Эндрюс әлі күнге дейін қуанышпен еске алады. Сыра қорабына тұрып, микрофонға кейде жеке, кейде өгей әкесімен бірге дуэт ән айтқаны әлі есінен кетпейді. «Бұл өнер көрсетулер сұмдық болған шығар, бірақ бәрі ойдағыдай өткен сияқты», - дейді Эндрюс.

1948 жылдың 1 қарашасында Джули Эндрюс (13 жаста) Лондон Палладионында, король Георгий VI мен Елизавета патшаның алдында Корольдік командалық сахналық қойылымда өнер көрсеткен ең жас жеке орындаушы болды. Онда ол ағайынды Николай Дэнни Кеймен және Джордж бен Бернардтың комедия командасымен бірге өнер көрсетті. Джули Эндрюс ата-анасымен бірге радио мен теледидардағы бағдарламаларда атсалыса қатысты.

1954-1965: Бродвейдегі жетістіктері

1954 жылы 30 қыркүйекте Джули Эндрюс 19 жас қарсаңында Лондонда онсыз да сәтті шыққан музыкалық “Жігітім” фильмінде Полли Браун ретінде Бродвейде алғашқы дебют жасады. Сыншылардың пікірінше, Джули Эндрюс шоудың көрнекті орындаушысы болды.

«Жігітім» филіміммен келісімшарт аяқталғанға дейін Лондонец Эндрюстен, Бродвейдегі «Менің әділетсіз ханымым» фильміндегі гүлші қыз Элиза Дулиттлдің рөліне кастингті өтуге сұрады және Джули Эндрюсті сол рөлге алды.

Жеке өмірі

Актриса екі рет заңды некеде болды. Алғашқы күйеуі театр дизайнері Тони Уолтон болды. Олар 1959 жылы үйленіп, 1962 жылы Эмма Кит Уолтон Гамильтон атты қызы дүниеге келеді. Олар 1965 жылдарда ажырасқан, бірақ әлі күнге дейін олар жақсы қарым-қатынаста.

1969 жылы Эндрюс режиссер және сценарист Блейк Эдвардске тұрмысқа шығады. Осы некеден оларда екі бала туылды. Олардың некелік өмірі 40 жылдам астам уақытқа созылып, өкінішке орай 2010 жылы Эдвардс қайтыс болады.

Фильмография

Туынды жарыққа шыққын жылТуынды атыАктриса ойнаған рөлі
1949микрофильмРоза Багдадапринцесса Зейла
1956сериалFord Star JubileeЛайз
1957телефильмЗолушкаЗолушка
1959телефильмThe Gentle FlameТрисса
1962сериалГарри Мур ШоуыӨз рөлінде
1964фильмМэри ПоппинсМэри Поппинс
1964фильмЭмилидің америкалануыЭмили Бэрхэм
1965фильмМузыка үндеріМария
1966фильмЖыртылған пердеСара Шерман
1966фильмГавайиДжеруша Бромли
1967фильмӨте заманауи МиллиМилли Диллмаунт
1968фильмЖұлдызГертруд Лоуренс
1970фильмҚұрметті ЛилияЛили Смит
1974фильмҚұрма тұқымыДжудит Фэрроу
1976фильмҚызғылт пантера жаңа соққысыЭйнсли Джарвис
1979фильмОнСаманта Тейлор
1980фильмКішкентай мисс МаркерАманда Уортингтон
1981фильмИттің баласыСалли Майлз
1982фильмВиктор/ВикторияВиктория Грант

Марапаттары

1965 жылы - Үздік актриса («Музыка дыбысы») 1982 жылы - Үздік актриса («Виктор / Виктория»)

  • BAFTA

1964 жылы - Ең перспективалы жаңадан келген адам («Мэри Поппинс»)

1964 жылы - Үздік актриса, комедия / мюзикл («Мэри Поппинс») 1965 жылы - Үздік актриса, комедия / музыкалық («Музыка дыбысы») 1982 жылы - Үздік актриса, комедия / мюзикл («Виктор, Виктория»)

  • Дэвид ди Донателло

1966 жылы - Үздік шетелдік актриса («Музыка дыбысы») 1983 жылы - Үздік шетелдік актриса («Виктор / Виктория»)

  • Эмми

1965 жылы - Үздік актриса (Энди Уильямстың шоуы) 1973 жылы - Үздік жаңа телехикаялар («Джули Эндрюс уақыты») 2004 жылы - Мини-сериалдағы / Теледидарлық фильмнің үздік қосалқы рөлі («Eloise 2: Christmas»)

  • Сан-Себастьян

Donostia сыйлығы - керемет жетістіктері үшін

Жоғары