| Досат | |
| Мамандықтары | әнші |
|---|---|
| Аспаптары | домбыра |
Досат Бәймембетұлы – әнші, композитор. «Адайдың жеті қайқысының» бірі.
Шығармашылығы
Досат әндері – биік дауыспен шығандата шырқап барып, бірте-бірте баяулап, сабырлы сазбен айтылатын ерекше әуенді туындылар. Досаттың бір әнін А.В. Затаевич нотаға түсіріп, «Қазақ халқының 1000 әні» (Орынбор, 1925) жинағына енгізген.
Ізбасарлары
Оның әндерін орындап, кейінге жеткізушілердің бірі – әнші Қ. Қонаршиев; сондай-ақ маңғыстаулық әншілер Қ. Тасболатов, І. Шыртанов, Қ. Досбаев, тағы басқа Досаттың әндерін шебер орындайды.
Санаттар:
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақстан әншілері
- Қазақстан сазгерлері