Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Дэниел Фрэнсис Бойл (ағылш. Daniel Francis Boyle; 20 қазан 1956, Манчестер, Ұлыбритания) — британдық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Британ кино инс

Дэнни Бойл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дэнни Бойл
ағылш. Danny Boyle
Сурет
Дэнни Бойл (2019)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Дэниел Фрэнсис Бойл

Туған күні

20 қазан 1956 (1956-10-20)(69 жас)

Туған жері

Манчестер, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер

Белсенді жылдары

1980 — қазіргі уақыт

Марапаттары

«Оскар» (2009)
«Алтын глобус» (2009)
«BAFTA» (1995, 1997, 2009, 2017)

IMDb

ID 0000965

Ортаққордағы Дэнни Бойл

Дэниел Фрэнсис Бойл (ағылш. Daniel Francis Boyle; 20 қазан 1956, Манчестер, Ұлыбритания) — британдық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Британ кино институты (BFI) оны «жанрларды шебер құбылтатын және қандай тақырыпты қолға алса да, өзіндік қолтаңбасын қалдыра білетін ең серпінді әрі болжап болмайтын британдық режиссерлердің бірі» деп сипаттайды.

Оның алғашқы туындысы — «Таяз қабір» (1994) картинасы «Үздік британдық фильм» номинациясында BAFTA сыйлығын иеленді. Ал одан кейін жарық көрген «Ине ұшында» (1996) фильмін Британ кино институты XX ғасырдағы ең ұлы британдық фильмдердің ондығына қосты. Режиссердің соңғы онжылдықтағы ең табысты британдық киножобасына айналған «Лашықтан шыққан миллионер» (2008) криминалдық драмасы он «Оскар» номинациясына ұсынылып, сегізін жеңіп алды, соның ішінде «Үздік режиссер» жүлдесі де бар. Осы еңбегі үшін ол «Алтын глобус» және BAFTA марапаттарын да қанжығасына байлады. Кейінірек Бойл адамның өмірге деген құштарлығын суреттейтін «127 сағат» (2010) драмасының сценарийін жазып, продюсерлік еткені үшін тағы екі мәрте «Оскарға» ұсынылды.

Бойлдың өзге де танымал туындыларының қатарында «Жағажай» (2000), «28 күннен кейін» (2002) блокбастері мен оның жалғасы «28 жылдан кейін» (2025), сондай-ақ «Күн сәулесі» (2007), «Стив Джобс» (2015), «Т2 Трейнспоттинг» (2017) және «Yesterday» (2019) туындылары бар. Бұдан бөлек, Бойл Лондонда өткен 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында бас көркемдік жетекші (режиссер) қызметін атқарды.

Фильмография

Жыл Атауы Шынайы атауы Рөлі
1994 ф Таяз қабір (ағыл.) Shallow Graveрежиссёр
1996 ф Ине ұшында Trainspottingрежиссёр
1997 ф Қарапайым емес өмір (ағыл.) A Life Less Ordinaryрежиссёр
2000 ф Жағажай The Beachрежиссёр
2002 ф 28 күннен кейін 28 Days Laterрежиссёр
2004 ф Миллиондар (ағыл.) Millionsрежиссёр
2007 ф Күн сәулесі (ағыл.) Sunshineрежиссёр
2008 ф Лашықтан шыққан миллионер Slumdog Millionaireрежиссёр
2010 ф 127 сағат 127 Hoursрежиссёр, сценарийші, продюсер
2013 ф Транс (ағыл.) Tranceрежиссёр, продюсер
2015 ф Стив Джобс Steve Jobsрежиссёр, продюсер
2017 ф Т2 Трейнспоттинг T2 Trainspottingрежиссёр, продюсер
2017 ф Жыныстар шайқасы (ағыл.) Battle of the Sexesпродюсер
2019 ф Yesterday Yesterdayрежиссёр, продюсер
2025 ф 28 жылдан кейін 28 Years Laterрежиссёр, продюсер
2026 ф 28 жылдан кейін: Сүйек ордасы 28 Years Later: The Bone Templeпродюсер
Жоғары