Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Евгений Григорьевич Брусиловский (12 қараша 1905, Ресей, Дондағы Ростов — 9 мамыр 1981, Мәскеу) — композитор, педагог, Қазақстанның халық әртісі (1936).

Евгений Брусиловский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Евгений Брусиловский
орыс. Евгений Брусиловский
Е. Г. Брусиловскийге арналған Қазақстан пошта маркасы, 2005, 150 теңге
Е. Г. Брусиловскийге арналған Қазақстан пошта маркасы, 2005, 150 теңге
Туған кездегі есімі

Евгений Григорьевич Брусиловский

Туған күні

30 қазан 1905 (1905-10-30)

Туған жері

Ростов-на-Дону, Донский әскерінің облысы, Ресей Империясы

Қайтыс болған күні

9 мамыр 1981 (1981-05-09)(75 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, РКСФР, КСРО

Азаматтығы

 КСРО
Ресей Империясы (1905-1922)

Ұлты

орыс

Қызметі

композитор, педагог, профессор

Ортаққордағы Евгений Брусиловский

Евгений Григорьевич Брусиловский (12 қараша 1905, Ресей, Дондағы Ростов — 9 мамыр 1981, Мәскеу) — композитор, педагог, Қазақстанның халық әртісі (1936).

Өмірбаяны

  • Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) консерваториясын бітірген (1931).
  • 1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келді.
  • 1933 — 34 жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті.
  • 1934 — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі
  • 1939 — 56 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы
  • 1956 — 76 жылдары КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі
  • 1944 — 51 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі
  • 1944 — 70 жылдары Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды.

Шығармашылығы

Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты.

Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, “Кеңестік Қазақстан” атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақ, Қазақстан әнұранының музыкасын (композиторлар Мұқан Төлебаев, Л. Хамидилермен бірігіп) жазды.

Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды.

1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” балетін жазды.

Шәкірттері

Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты кітабы жарық көрді.

Марапаттары

  • КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы үшін)
  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6-симфониясы үшін) лауреаты.
  • Ленин
  • Еңбек Қызыл Ту
  • Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.

Есте қалдыру

Алматы қаласында Брусиловский атында көше бар.

Жоғары