Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.

Екпін

  • Басты бет
  • Екпін

Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.

Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

  1. Сөз iшіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
  2. Ой екпіні — сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем ауылға бүгін кетті. Бүгін ауылға әкем кетті.
  3. Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
  4. Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

1.Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы , туралы т.б.

2.Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.

3.Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма, -ме, -па, -пе, ба, -бе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме т.б.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Орал облысы

  • Наурыз 13, 2026

    Жұмабек Ахметұлы Тәшенов

  • Сәуір 03, 2026

    Айыртау ауданы

  • Сәуір 03, 2026

    Әзімбек Пазылбекұлы

  • Наурыз 21, 2026

    Біріккен сөздер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары