| Елбай | |
| Туған кездегі есімі | Елбай Қосымбайұлы |
|---|---|
| Туған күні | 1900 |
| Туған жері | Қабырға, Тұщыбек аймағы, Жыңғылды, Маңғыстау ауданы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 1931 |
| Қайтыс болған жері | Жыңғылды, Маңғыстау ауданы, РКФСР, КСРО |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | ақын, қолөнер шебері |
Елбай Қосымбайұлы (1900, Маңғыстау өңірі, Жыңғылды, Тұщыбек аймағы, Қабырға мекені – 1931, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы) – суырыпсалма ақын, қолөнер шебері.
1931 жылы Адай көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшырады.
Еңбектері мен шығармалары
Өлеңді жасынан серік еткен Қосымбайұлынан «Мал баққан қара шаруа», «Жарандар, құлақ салыңыз», «Мен жүйрік топтан озған», «Елбайдың термесі» атты шығармалары кейінгі ұрпаққа жеткен. Бұдан басқа «Беттескенде», «Ұмтыл, алға», «Надандық», «Жақсылық пен жамандықтың сипаттары», «Тәкаппар менмен туралы», тағы басқа өлең-жырлары белгілі.
Елбай ерші, етікші, өрімші, ою-өрнексалушы, құдықшы, шығыршы болған; безендіріп тамдар да салған. Ол кеңес өкіметін әділдік орнатушы деп қабылдап, өз шығармаларымен оның насихатшысы болды, тіпті В.И. Ленинге арнаған жырын өрнектеп мола қабырғасына жаздыртып қалдырған.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1900 жылы туғандар
- Маңғыстау ауданында туғандар
- 1931 жылы қайтыс болғандар
- Маңғыстау ауданында қайтыс болғандар
- Қазақ ақындары
- Қазақстан ақындары
- Адай көтерілісінің қатысушылары
- Адай көтерілісінде қаза тапқандар