Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ер Қосай – Ер Көкше батырдың баласы Ер Қосай туралы жыр. Жыр сюжетіне, көбінесе қиял-ғажайып сипаттар араласып отырғанымен, тарихта болған оқиғаларды қамтиды. Ж

Ер Қосай

  • Басты бет
  • Ер Қосай

Ер Қосай – Ер Көкше батырдың баласы Ер Қосай туралы жыр.

Жыр сюжетіне, көбінесе қиял-ғажайып сипаттар араласып отырғанымен, тарихта болған оқиғаларды қамтиды. Жоңғарлардың қазақ даласына шабуылы 17 ғ-да басталады, яғни жырдағы қалмақтармен соғыс оқиғалары осы кезден кейін қосылған сияқты. Жырдың бірнеше нұсқасы бар: а) В.В.Радлов қазақ тілінде бастырып шығарған «Ер Көкше» жырында, көбінесе қара сөз араласып келеді («Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи», СПб., 1870). Осы еңбектің үшінші томындағы «Ер Көкше» жыры, негізінен, Ер Көкше батырдың баласы Ер Қосай ерліктерін баяндайды; ә) «Ер Көкше және оның баласы Ер Қосай» деп аталатын нұсқаны Г.Н.Потанин орыс тілінде жариялайды («Казах-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки», «Живая старина», в. ІІ–ІІІ, 1918). Бұл екі нұсқаның мазмұнының бір-бірінен аздаған өзгешелігі бар және Потанин нұсқасы көлемі жағынан шағындау. Бұлардан басқа Асайын Хангелдин, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы нұсқалары сақталған. Жырдың барлығының мазмұны ұқсас, негізгі тақырыбы – Отан қорғау, идеясы – ел бірлігін сақтау. Ш.Ш.Уәлиханов «Қазақтың халық поэзиясының түрлері» атты мақаласында (1858) Көкшетау округіндегі Қойлы-Атығай болысының қазағы Арыстанбайдың орындауында «Ер Көкше–Ер Қосай» жырын естігенін айта келіп, жазып алмағанына өкініш білдіреді және дастанды жоғары бағалайды (Ч.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах, т. 1, А., 1961, стр. 196–197). Қырғыздың «Манас» эпосында Көкше есімі кездеседі. Бұл «Ер Қосай» жырының халыққа ертеден белгілі екенін, сондай-ақ көрші елдердің бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғанын дәлелдейді. Мұрын жырау жырлаған «Көкше батырдың ұлы Ер Қосай» жырының кейіпкерлерінің есімдері «Ер Қосай» жырына ұқсас болғанмен, баяндалатын оқиға мүлде бөлек. «Ер Қосай» дастанының әр жылдары жиналған 7–8 нұсқасы Алматы қаласындағы Орт. ғыл. кітапхананың Қолжазбалар қорында сақтаулы.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Қазақстан

  • Сәуір 05, 2026

    Құрманғазы Айтмұрзаев

  • Сәуір 18, 2026

    Астана ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Әл-Инфитар сүресі

  • Сәуір 21, 2026

    Ән-Нәмл сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары