Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақстандағы аса ірі су құрылыстарының бірі. Ертіс өзенінің су қорына негізделіп салынған. Құрылысы 1962 жылдан басталып, 1974 жылы канал іске қосылды. Ертіс ө

Ертіс-Қарағанды каналы

  • Басты бет
  • Ертіс-Қарағанды каналы

Ертіс-Қарағанды каналы — Павлодар және Қарағанды облыстары жерімен ағып өтеді.

Ертіс-Қарағанды каналы
Карта
Карта
Орналасуы
Ел Қазақстан
АймақтарПавлодар облысы, Қарағанды облысы
Сипаттамасы
Ұзындығы459 км
Су ағысы
БастауыБелая
 · Бастауының биіктігі112 м
51°59′37″ с. е. 76°59′30″ ш. б. / 51.9935° с. е. 76.9917° ш. б. / 51.9935; 76.9917 (G) (O) (Я) (T)
СағасыҚарағанды
 · Сағасының биіктігі~510 м
49°58′22″ с. е. 73°15′49″ ш. б. / 49.9728° с. е. 73.2636° ш. б. / 49.9728; 73.2636 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°58′22″ с. е. 73°15′49″ ш. б. / 49.9728° с. е. 73.2636° ш. б. / 49.9728; 73.2636 (G) (O) (Я) (T)
Каналдың еңістігі0,86 м/км
Ертіс-Қарағанды каналы (Қазақстан)
Ертіс-Қарағанды каналы (Қазақстан)
— бастауы, — сағасы
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value).

Сипаттамасы

 
Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы

Қазақстандағы аса ірі су құрылыстарының бірі. Ертіс өзенінің су қорына негізделіп салынған. Құрылысы 1962 жылдан басталып, 1974 жылы канал іске қосылды. Ертіс өзенің сол жағасындағы Ақсу қаласы тұсынан басталып, Қарағанды қаласына таяп аяқталады. Жалпы ұзындығы 458 км. Оның 272 км-і Павлодар облысы, 186 км-і Қарағанды облысы жерінде. Арнасының беткі ені 40 м, табан ені 4 м, тереңд. 5 – 7 м. Канал бойындағы 22 су көтергіш станциялары суды 420 м биіктікке көтереді. Канал бойында, сондай-ақ 11 су торабы, 2 бөген, 17 көпір және автомобиль жолы салынған. Канал секундына 13 – 75 м3 су өткізеді. Жылдық су өткізетін көл. 2,5 млрд./м3, оның 0,94 млрд./м3-і Павлодар облысына, 0,35 млрд./м3-і Ақмола облысына, 1,21 млрд./м3 суы Қарағанды облысына таратылады. Су Ертіс жазығымен батысқа қарай 4 су көтергіш станциялары арқылы жіберіледі.

 

Қалқаман көлі тұсында Павлодар – Астана темір жолын кесіп, Сарыарқаның шоқылары арасымен ағып өтіп (175 км) Шідерті өзеніне жетеді. Бұл аралықта 6 су көтергіш станциялары суды 100 м биіктікке көтереді. Осы тұста Шідертінің арнасы 200 км бойы бөгендер мен тоғандар тізбегіне айналды. Ондағы су көтергіш станциялардың әрқайсысы суды төменгі бөгеннен жоғарғы бөгенге айдап, Шідерті өзерін кері ағызды. Су тағы да 200 м-дей биіктікке көтеріледі. Одан әрі канал Шідертінің сол жағасын бойлап, Нұра мен Шідерті өзенінің суайрығын кесіп өтеді. Бұдан кейін Ертіс-Қарағанды каналының 80 км бөлігіндегі 6 су көтергіш станциялар суды 110 м биіктікке көтереді. Нұра аңғарына шығатын жерде еңіс басталады. Бұл тұста су Тұзды бөгеніне жіберіледі. Одан әрі Нұраның астынан салынған құбырлармен ағып өтіп, Қарағандыға таяу жерде аяқталады. Осы жерде салынған су тазарту станциясында сүзілген су құбыры арқылы Қарағанды қаласына жеткізіледі.

Тиімділігі

Ертіс суының қуаң Сарыарқа өңіріне келуі — тың жерлерді игеру процесін жалғастырды: жасанды су магистралы негізінде жаңа кеңшарлар мен қосалқы шаруашылықтар құрылып, суармалы алқаптардан мол өнім алынды. Ертіс-Қарағанды каналы республикасының ірі индустриялық орталықтары еңбекшілерін ауыл шаруашылығы өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Комор аралдары

  • Сәуір 04, 2026

    Коса тілі

  • Сәуір 05, 2026

    Тәуелді аймақ

  • Наурыз 22, 2026

    Ақуыз

  • Наурыз 11, 2026

    Германия

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары