| Есентүгел Баймұханбетұлы Елеукен | |
| Туған күні | 5 желтоқсан 1973 (52 жас) |
|---|---|
| Туған жері | |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | Қазақ |
| Қызметі | «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті |
| Марапаттары мен сыйлықтары | |
Есен Елеукен (Есентүгел Елеукен Баймұханбетұлы) — 1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Мыңдаған жастарды бір арнаға тоғыстырған Жайдарман қозғалысының көшбасшысы, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті. Құрмет орденінің иегері (2016).
Толығырақ
- Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз совхозында бастаған.
- 1991 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтына оқуға түсіп, 1996 жылы «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген.
- Әскери міндетті (запастағы офицер).
- 1996-99 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Жаратылыстану және гуманитарлық институтының «Биоэкология» кафедрасында тағылымдамадан өтуші – зерттеуші.
- 1998-2002 жылдары «Юмакс» радиосында қарапайым қызметші болып жұмыс бастап, қазақ редакциясының бас редакторы лауазымына дейін көтерілген.
- 2002-2005 жылдары «Қазақ КТК (КВН) лигасы» РЖҚБ-ның вице-президенті.
- 2005 жылдан бастап – «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті.
- 2006-2008 жылдары КТК телеарнасы арнайы бағдарламасының жетекшісі болды.
- 2018-2020 жылдары «Tamasha TV» телеарнасының Директоры.
- 2021 жылы YouTube желісінде Yesti podcast каналының негізін қалаушысы, жүргізушісі. Осы уақытқа дейін түрлі саланың 50-ге жуық спикерімен қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеріп, талқылады.
Марапаттары
- 2016 жылы ҚР Президенті жарлығымен белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет орденімен» марапатталды.
- 2016 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
- 2017 жылы мемлекеттік тілге адал көзқарасы және қазақ тілінің дамуына қосқан зор үлесі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісі.
Жетістіктері
- 2012-2016 жылдар аралығында қазақ тілді блогерлерге арналған республикалық «Блог құрылтай» ұйымдастырушыларының бірі (Қарағанды, Талдықорған, Жамбыл, Атырау қалаларында).
- 2014 жылы Қытай елінің Шанхай қаласында жергілікті қазақтар мен елден барған студенттер арасында Жайдарман сайыстарының халықаралық фестивалін өткізді.
- 2017 жылы Моңғолияның астанасы Ұланбатырда жергілікті топтардың қатысуымен Жайдарман сайыстарын ұйымдастырды.
- 2017-2019 жылдары Түркітілдес елдер арасында талантты әрі тапқыр жастардың басын қосатын танымал Жайдарман ойындарының көшбасшысы болды. Онда түрлі елдерден 15-ке жуық команда қамтылды.
- Жалпы республикалық деңгейде 500-ге жуық фестивальдардың негізін қалаушы.
- Аймақтық және республикалық деңгейде 100-ден астам чемпионаттардың ұйымдастырушысы.
- 2018-2020 жылдары өзі басқарған «Tamasha TV» арнасын ең үздік алғашқы 7 каналдың қатарына қосты.
- 2023 жылы Жайдарман ойындарына 240 команда тіркеліп, оған 2000-нан астам ойыншы қатысып рекорттық көрсеткішке жетті, сондай-ақ соңғы 10 жылдың ішінде командалардың саны 200-ден кем түспеді.
- 2022 жылы Қазақстанның Медиафутболының дамуына үлес қосты.
- ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің 2 мәрте мүшесі атанды.
- Қазақстандық жастарға арналған қоғамдық маңызы бар форумдардың, дөңгелек үстелдердің, басқа да жиындарының белді спикері.
- Әлеуметтік жобалармен айналысатын Үкіметтік емес ұйымдарға республикалық деңгейде 3 мәрте үздік спикер болды.
Отбасы
Отбасылық жағдайы – Үйленген, бір қызы бар.
Ескертпелер
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 5 желтоқсанда туғандар
- 1973 жылы туғандар
- Шалқар ауданында туғандар
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
