Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Есенқұл Маманұлы (1888, бұрынғы Қапал уезі, Ақтасты мекені — 1932) — қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкер-ағартушылардың бірі. Тегі Найман руының Матай тармағындағы

Есенқұл Маманұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Есенқұл Маманұлы (1888, бұрынғы Қапал уезі, Ақтасты мекені — 1932) — қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкер-ағартушылардың бірі. Тегі Найман руының Матай тармағындағы Қаптағай (Сары) атасынан шыққан, атақты Маман байдың кіші әйелі, Жәлменде бидің қызы Жаңғақтан туған ұл. Жастайынан өжет, еркін, бастаған ісін жолортада қалдармайтъш табанды болын өсті. 1907 жылы қажылық сапармен Меккеге барып қайтқан. Ағалары Тұрысбек, Сейітбаттал бастаған ағартушылық-кәсіпкерлік істі жалғастырып, Қарағаш мекенінде жаңа тұрпаттағы мектеп ашуды қолға алды. Жетісу өңіріне белгілі өнер-білім ошағы — "Мамания "мектебінің қалыптасып, даму тарихы Есенқұл есімімен тікелей байланысты. Ол ел ішінен қаржы жинап, Түркия, Польша және Ресей қалаларында оқып жүрген қазақ студентеріне жәрдемақы төлеуді ұйымдастырған. Сондай-ақ, қаржы тапшылығынан жабылып қалу қаупі төнген "Қазақ" газетіне Есенқұлдің басшылығымен 1274 сом 10 тиын көмек берілген. Әсіресе, ол 1913 жылы халықтың өмірін шынайы бейнелеген қазақ романдарына бәйге жариялап, ақшалай жүлде белгіледі. Есенқұлдың меценаттық бастамасын М.Сералин, ауылы Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. ұлт зиялылары азаматтық ерлік, көпшілікке өнеге ретінде бағалады. 1928 жылы 27 тамызда Кеңес өкіметінің жергілікті белсенділері Есенқұлды және оның туыстарын кәмпескелеп, "әлеуметке қауіпті элемент" ретінде Орал округіне жер аударған.

Жоғары