Еспе – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
| Еспе өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 80 км |
| Су алабының ауданы | 2130 км² |
| Су алабы | Солтүстік Балқаш алабында |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Жорға (1084 м) және Үшқайың тауы (958 м) таулары аралығы |
| • Координаттары | 48°24′16″ с. е. 76°57′23″ ш. б. / 48.40444° с. е. 76.95639° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Табақкеңтатыр ойысы |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы |
Географиялық орны
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы жерінде. Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 2130 км².
Бастауы
Сарыарқаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Жорға (1084 м) және Үшқайың (958 м) таулары аралығынан басталады да, Балқашқа қарай ағып барып, Табақкеңтатыр аңғарына жете бере жерге сіңеді.
Гидрологиясы
Көктемгі қар суымен ғана толығады. Арнасы жоғарғы және орта тұстарында жарқабақты, төменгі жағында кеңейіп, жағасы жайпақтанады. Жылдық орташа су ағыны 0,01 м³/с. Тамыз айында тартылып қалады. Суы тұщы. Көктемгі мал жайылымын суландырады.