Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формал

Етіс

  • Басты бет
  • Етіс
Грамматика

Морфология

  • Сөз құрамы
    1. Түбір
    2. Жұрнақ
    3. Жалғау
      • Көптік жалғау
      • Тәуелдік жалғау
      • Септік жалғау
      • Жіктік жалғау
  • Сөз таптары
    1. Зат есім
    2. Сын есім
    3. Сан есім
    4. Есімдік
    5. Етістік
    6. Үстеу
    7. Шылау
    8. Еліктеу сөз
    9. Одағай

Синтаксис

  • Сөз тіркесі
  • Сөйлем мүшелері
    1. Бастауыш
    2. Баяндауыш
    3. Анықтауыш
    4. Пысықтауыш
    5. Толықтауыш

Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.

Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:

  1. ол онан жөн сұрады;
  2. олар бір-бірінен жөн сұрасты;
  3. ол одан жөн сұратты;
  4. онан жөн сұралды;
  5. ол өзі сұранды

деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.

Сондай-ақ: тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын;
жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын
айт, айтыс, айттыр, айтыл
тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады.

Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей төрт түрге бөлінеді:

  1. Ортақ етіс: -с /-ыс/ -іс. Мысалы: жаз-ыс-ты, бөл-іс-ті, оқы-с-ты, жер қазыс-ты, телефон арқылы сөйле-с-ті.
  2. Өзгелік етіс: -т/-ыт/-іт / -тыр/-тір/-дыр/-дір / -қыз/-ғыз/-кіз/-гіз/ -ыр/-ір/ -сет. Мысалы: жаз-дыр айт-қыз, бар-ғыз, жаса-т,оқы-т, ал-дыр, айт-қыз, көр-сет.
  3. Ырықсыз етіс: -л/-ыл/-іл/ -н/-ын/-ін1. Мысалы: аудар-ыл-ды, ал-ын-ды, шөп шаб-ыл-ды, киім іл-ін-ді, өлең айт-ыл-ды.
  4. Өздік етіс: -н / -ын / -ін. Мысалы: жу-ын-ды, ки-ін-ді, тара-н-ды.


1. Түбір "л" әрпімен аяқталғанда қолданылады.

Әдебиет

  • А. Ысқақов, "Қазіргі қазақ тілі", 1974 ж.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Ядро

  • Наурыз 10, 2026

    Ауыл шаруашылығы

  • Сәуір 04, 2026

    Абдолла Қарсақбаев

  • Наурыз 13, 2026

    Ғұндар мемлекеті

  • Наурыз 29, 2026

    Ас қорыту жүйесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары