Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Ешқандай міндеттемелерсіз» (ағылш. No Strings Attached, орыс. Больше чем секс) — Айвен Райтманның романтикалық комедиясы, онда сексуалды қатынасқа қалай жеңіл

Ешқандай міндеттемелерсіз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ешқандай міндеттемелерсіз
No Strings Attached
Фильмнің постері
Жанры

романтикалық комедия, мелодрама

Режиссёрі

Айвен Райтман

Продюсері

Гари Барбер, Том Поллок, Натали Портман

Сценарийдің авторы

Элизабет Меривезер, Майкл Самонек

Басты рөлдерде

Эштон Кутчер, Натали Портман, Кевин Клайн

Операторы

Рохир Стофферс

Сазгері

Джон Дебни

Кинокомпания

Cold Spring Pictures
 Қазақстан Централ Партнершип

Ұзақтығы

108 мин

Бюджеті

$25 million

Кассалық түсімі

$147,780,440

Мемлекет

АҚШ

Тілі

Ағылшын

Шыққан жылы

2011

IMDb

ID 1411238

http://www.nostringsattachedmovie.com
Ортаққордағы Ешқандай міндеттемелерсіз

«Ешқандай міндеттемелерсіз» (ағылш. No Strings Attached, орыс. Больше чем секс) — Айвен Райтманның романтикалық комедиясы, онда сексуалды қатынасқа қалай жеңіл енуге және екі адам арасындағы эмоционалды жақындастыққа жетудің қандай қиын екені баяндалады.

Басты рөлдерде — голливудтың жас әрі жарқын жұлдыздары Эштон Кутчер мен Натали Портман.

2011 жылдың 21 қаңтарында АҚШ-да фильмнің тұсаукесері болып өтті.

Сюжет

Басты кейіпкерлер — Эмма мен Адам — сонау балалар лагерінде өздерінің сексуалды қатынастарын жасамақшы болған, бірақ бәрі сәтсіз болды. 15 жылдан соң олар қайта байқамақшы болады. Бұл жолы бәрі ойдағыдай өтеді. Ендігі бұларды тек секс ғана байланыстырады, және олар өздерінің арасында махаббат сезімі пайда болмайтынына сенімді болғасын физиологиялық түйсікке беріледі. Шақыру бойынша секс. Бірақ уақыт өте жұптар өздерінің арасында бөтен сезім бар екенін байқайды — мысалы, құштарлық, бір-біріне деген қамқорлық, онымен қоса махаббат.

Рөлдерде

  • Натали ПортманЭмма
  • Эштон Кутчер — Адам
  • Кевин Клайн — Элвин
  • Кэри Элвис — дәрігер Метцнер
  • Грета Гервиг — Патрис
  • Лэйк Белл — Люси
  • Оливия Тирлби — Кейти
  • Лудакрис — Уоллас
  • Минди Калинг — Шира
  • Талия Балсам — Сандра
  • Офелия Ловибонд — Ванесса
  • Дженнифер Ирвин — Меган
  • Адхир Кальян — Кевин
  • Стефани Скотт — Эмманың балалық шағы

Қызықты жағдайлар

Натали Портман
Эштон Кутчер
  • Айвен Райтман — танымал голливудтық режиссер, ол «Елестерді аңдушылар», «Егіздер», «Балабақша полициясы», «Дэйв», «Джуниор», «Алты күн, жеті түн», «Эволюция» және т.б. тамаша туындыларды түсірген.
  • Сценарийдің негізі Элизабет Меривезер мен Майкл Самонектың фильм аттас әңгімесіне арқау болды.
  • Натали Портман онымен қоса қоюшы-продюсер ретінде болды.
  • Бюджет — $ 25 миллион. Алғашқы уик-эндтінде кассасы $ 43 миллионнан астам жинады.
  • Туындыны түсіруге бірнеше киностудиялар айналысты, солардың ішінде «Cold Spring Pictures» және «Paramount Pictures».
  • Түсірілімдер Лос-Анджелес қаласында болды.
  • Кевин Клайн «It’s Your Birthday» әнін жазып әрі орындады. Саундтрекке мынадай әндер кірді: «Untitled» D’Angelo, «Take Your Time» Эла Грина, «Bleeding Love» Леоны Льюис, «Bossa Nova Baby» Элвиса Пресли, «Ms. Jackson» Outcast, «Shake Ya Tailfeather» Nelly&P.Diddy.
  • Алғашында сценарий «Fuck Buddies» деп аталған еді, кейіннен оны «Friends with Benefits» («Достық бойынша секс») атымен алмастырылды. Бұл нұсқа қайтадан қаралуға тура келді, өйткені бұл атаумен басты рөлде Джастин Тимберлейк пен Мила Кунис түскен («Достық бойынша секс») фильм бар болған және олда дәл сол жылы, яғни 2011 жылы шықпақшы болды.
  • Сексуалды қойылымдар болғандықтан 17 жасқа дейінгі баларларға міндетті түрде ата-анасымен бірге көру керек.

Әлемдік релиз

  •  Канада — 21 қаңтар 2011 жыл
  •  АҚШ — 21 қаңтар 2011 жыл
  •  Өзбекстан — 9 ақпан 2011 жыл
  •  Мажарстан — 10 ақпан 2011 жыл
  •  Португалия — 10 ақпан 2011 жыл
  •  Латвия — 11 ақпан 2011 жыл
  •  Норвегия — 11 ақпан 2011 жыл
  •  Финляндия — 11 ақпан 2011 жыл
  •  Франция — 16 ақпан 2011 жыл
  •  Германия — 17 ақпан 2011 жыл
  •  Гонконг — 17 ақпан 2011 жыл
  •  Малайзия — 17 ақпан 2011 жыл
  •  Нидерланд — 17 ақпан 2011 жыл
  •  Сингапур — 17 ақпан 2011 жыл
  •  Грекия — 24 ақпан 2011 жыл
  •  Бразилия — 25 ақпан 2011 жыл
  •  Ұлыбритания — 25 ақпан 2011 жыл
  •  Эстония — 25 ақпан 2011 жыл
  •  Ресей — 3 наурыз 2011 жыл
  •  Армения — 11 наурыз 2011 жыл
  •  Польша — 18 наурыз 2011 жыл
  •  Исландия — 25 наурыз 2011 жыл
  •  Испания — 25 наурыз 2011 жыл
  •  Словения — 31 наурыз 2011 жыл
  •  Швеция — 1 сәуір 2011 жыл
  •  Италия — 15 сәуір 2011 жыл

Тағы қараңыз

Жоғары