Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Еңлік-Кебек ескерткіші. Махаббат мұнарасы — билер сотының кесімі бойынша 1780 жылы шілдесінде құрбан болған қос ғашық — Еңлікпен Кебектің зиратына қойылған еске

Еңлік-Кебек ескерткіші

  • Басты бет
  • Еңлік-Кебек ескерткіші

Еңлік-Кебек ескерткіші. Махаббат мұнарасы — билер сотының кесімі бойынша 1780 жылы шілдесінде құрбан болған қос ғашық — Еңлікпен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш мұнара. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей — Қарауыл тас жолынан 5 км жерде.

Еңлік-Кебек ескерткіші
Еңлік Кебек кесенесіне орнатылған тас
Еңлік-Кебек кесенесі (ескерткіші)

Ескерткіштің қазіргі тұрған жері бұрын “Шұбартөбе” аталған. Ол ғасырлар бойы жаугершілік уақытта қарауыл қарайтын, ас пен тойларда бәйгеге қарақшы тігіп, көмбе болатын жиын орны болған. Оның басындағы Еңлік-Кебек ескерткішінің өз тарихы бар. 18 ғасырдың 80-жылдарында сүйіп қосылған екі ғашықты мейірімсіздікпен ат құйрығына сүйретіп өлтіруші топ олардың денесін өздерінің ақтық тілектері бойынша бірге көмеді. Келесі жылы Шұбартөбені қоныс еткен рулар Еңлік пен Кебектің қабірін таспен сандықшалап, қайтыс болған ағайындарын “ер-азамат жалғыз жатпасын” деп сол араға жерлейтін болған. Сөйтіп, бара-бара Шұбартөбе үлкен қорымға айналады. 1875 — 80 жылы Абай ауылына қонақ болып, тобықты елін аралаған Біржан сал Ералы бойын жайлайтын мамай руындағы Салсары (Смағұл Мақышұлы) мен Құсайын Бейсенұлы деген атақты тоғызқұмалақшы, домбырашы, әнші салдарға сәлем бере келген жолы Еңлік — Кебек бейітін көреді. Келесі жылы Біржанның тапсыруымен Рыскелді деген тас қалаушы шебер Еңлік — Кебектің қабірін сандықшалап, басына құйма кірпіштен шағын мұнара тұрғызған. Қабір сандықшасының тұрқы тұтас, құбыла жақ басы екі айыр болған. Бұл қабірдегі адамның екеу екендігін білдірген ишара болса керек. Кейін мұнара құлап, оның ізі ғана қалған. . «Абай жолы» романында «Ералы жазығындағы кішкене төбе» деп суреттелетін мұнда күллі ғашықтар символы болған Еңлік-Кебек мазары бар. «Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім» деген Абай сөзі құлпытасқа қашалыпты.

1960 ж. Абай ауданының тұрғындары Еңлік пен Кебек бейітінің басына қазіргі жаңа ескерткішті тұрғызды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Табан балық

  • Сәуір 25, 2026

    Марко Поло

  • Сәуір 23, 2026

    Петр І

  • Сәуір 25, 2026

    Кара теңіз

  • Сәуір 05, 2026

    Исатай ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары