| Жаман Алакөл | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 206,4 м |
| Өлшемі | 3,4 × 3,4 км |
| Ауданы | 8,9 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 14,4 км |
| Орналасуы | |
| 52°47′45″ с. е. 62°09′20″ ш. б. / 52.79583° с. е. 62.15556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°47′45″ с. е. 62°09′20″ ш. б. / 52.79583° с. е. 62.15556° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы |
| Аудан | Бейімбет Майлин ауданы |
Жаман Алакөл – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Бағалы темір жол стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 9 км жердегі тұзды тұйық көл. Шөптікөл ауылының солтүстігінде. Көл теңіз деңгейінен 206,4 м биіктікте.
Гидрографикасы
Аумағы 8,9 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 3,4 км, жағалауының ұзындығы 14,4 км. Суы кермек. Қамыс пен қоға өскен айдынында үйрек, қаз, т.б. құстар мекендейді. Жер асты және жауын-шашын суларымен толысады. Мал шаруашылығына пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша көлдер
- Бейімбет Майлин ауданы көлдері

