Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

44°54′28″ с. е. 79°10′34″ ш. б. / 44.90778° с. е. 79.17611° ш. б. / 44.90778; 79.17611 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°54′28″ с. е. 79°10′34″ ш. б. / 44.90778° с. е

Жаманкөл жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жаманкөл жотасы
Сипаттамасы
Пайда болған кезеңі

Палеозойдың герциндік қатпарлығы

Биіктігі

3469 м

Орналасуы

44°54′28″ с. е. 79°10′34″ ш. б. / 44.90778° с. е. 79.17611° ш. б. / 44.90778; 79.17611 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°54′28″ с. е. 79°10′34″ ш. б. / 44.90778° с. е. 79.17611° ш. б. / 44.90778; 79.17611 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан Жетісу облысы Ескелді ауданы

Жаманкөл жотасы (Қазақстан)
Жаманкөл жотасы (Қазақстан)
Жаманкөл жотасы
Жаманкөл жотасы (Жетісу облысы)
Жаманкөл жотасы

ЖаманкөлЖетісу Алатауының батысындағы Қойтас жотасының солтүстігіндегі жота.

Географиялық орны

Жетісу облысы Ескелді ауданы Текелі қаласының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биікттігі - 3469 м. Батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Солтүстігінде Мыңшұңқыр, Қаратау таулары бар. Беткейлері биік өзенаралық сай-жыралармен тілімденген.

Геологиялық құрылымы

Палеозойдың герцин тау жасалу кезеңіне сәйкес келеді. Геологиялық құрамы жағынан гнейстерден, кварцтар мен әктастардан тұрады.

Топырағы, өсімдігі

Етегінде шөлдің сұр топырағы биіктеген сайын таудың қызғылт қоңыр топырағына ауысады, ал 2500 м-ден жоғары таудың орманды қоңыр топырағына алмасады. 2000 м-ден жоғары орман ағаштары қарағай мен самырсын өседі. Етегі мен қойнауы мал қыстатуға қолайлы.‎

Жоғары