Жан Лонге (1876 жыл 10 мамыр, Лондон - 1938 жыл, Париж) - француз және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері.
Өмірі
Шарль Лонге мен Женнидің (Карл Маркстың қызы) баласы. Социалистік баспасөзге белсене қатысты. Ол Кеңестік Ресейге қарсы империалистік интервенцияны сынады. 2-Интернационал басшылығына кірді. 1930 жылдары фашизм мен соғысқа қарсы халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене араласты, француз социалистері мен коммунистерінің бірігуін жақтады.
Санаттар:
- Тарихи тұлғалар
- 1876 жылы туғандар
- 1938 жылы қайтыс болғандар