Жанақ жаңабатырұлы (1768, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау а. — 1850, сонда) — ақын.
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан. Әкесі Жаңабатыр елге белгілі палуан болған. Ж. алғашында ауыл молдасынан оқып, кейіннен Үргеніш медресесінде оқыған. Көтеш, Салғара ақындарға шәкірт болған. Ж-тың шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Баянауыл” дастаны мен “Бөкей төреге” деген толғауы ғана бар. Жазушы Қ.Исабаевтың “Серт” трилогиясында “Баянауыл” дастанынан үзінділер берілген.
- Кітап - Жанақ ақын. qamba.codeo.kz. Тексерілді, 12 ақпан 2021.
Санаттар:
- Қазақ ақындары
- 1768 жылы туғандар
- 1850 жылы қайтыс болғандар