Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

1918 жылы әмірді тақта қалдыра отырып, елде ішінара демократиялық өзгерістер жасауға тырысқан бірнеше сәтсіз әрекеттері үшін әмірлік тарапынан бұл ұйымға қатаң

Жас Бұхаралықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жас Бұхаралықтар
بوحارا یاشاری
Басшысы

Мирзо Мансур Мухидинов

Хатшы

Абдурауф Фитрат

Қазынашы

Усманходжа Пулатходжаев

Негізін салушы

ХХ ғасыр басы

Тараған жылы

1918 жыл

Идеологиясы

жәдитшілік

Жас Бұхаралықтар — Бұхарада 1916 жылы құрылған жәдитшілдік бағытындағы ұлттық саяси ұйым.

1918 жылы әмірді тақта қалдыра отырып, елде ішінара демократиялық өзгерістер жасауға тырысқан бірнеше сәтсіз әрекеттері үшін әмірлік тарапынан бұл ұйымға қатаң тыйым салынып, көп ұзамай ол тарап кетті. Ұйымға қатысушылардың неғұрлым солшыл бөлігі 1920 жылы қаңтарда Ташкент қаласында Ф.Ходжаевтың басшылығымен “Жас бұқаралық революционерлердің түркістандық орталық бюросы” болып қайта құрылды. Олар Бұхарада әмір үкіметін құлатып, демократиялық республика құру мақсатын көздеді. Бюро Кеңес үкіметіне сүйене отырып, бұрынғы бүкіл “Жас Бұхаралықтарды” өз маңдарына топтастыруға тырысты. Қозғалыс жеңіске жетіп, Бұқар Халық Кеңестік Республикасы (БХКР) орнағаннан кейін, “Жас Бұхаралықтар” Түркістан коммунистерімен ресми түрде бірікті. Дегенмен олар жергілікті халықтың мүддесін көздеп, ұлтшылдық көзқарасты жақтады. Сондықтан Бұхарада басмашылар қозғалысы талқандалғаннан кейін БХКР-дегі Кеңестердің 4-съезінде (1923 жылы, қазан) олар орталықтан келген коммунистер тарапынан буржуазиялық ұлтшылдар ретінде айыпталып, билік басынан тайдырылды. Осыдан кейін “Жас Бұхаралықтардың” көпшілігі большевиктер партиясы қатарынан шығарылды.

Жоғары