Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жасуша мембранасы — жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе басқа жасуша қабығынан бөлетін мембрана.

Жасуша мембранасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жасуша мембранасы — жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе басқа жасуша қабығынан бөлетін мембрана.

Жасуша мен сыртқы ортаның арасында зат алмасуына, жасушаның қозғалуына, бір-бірімен байлануына қатысады. Мал жасушаларының жасуша мембранасы сыртқы бетінде гликопротеидті рецепторлар орналасқан. Жасуша мембранасы жасушаның вируспен қарым-қатынасында үлкен орын алады. Мысалы, зақымдаушы вирус ең алдымен сол рецепторларға жабысады, содан соң жасуша мембранасы белгілі бір аймағын ыдыратады да жасушаның ішіне кіреді. Жасуша мембранасы жасуша ішінде жаңадан пайда болған вирустардың сыртқа шығуына жасушаның белгілі жерлерінің ыдырауы немесе пиноцитозда қатысады. Жасуша мембранасында вирустардың өсіп-өнуінің ақырғы сатысындағы бүршіктену процесі жүреді. Ол көп вирустардың липид, гликолипид, гликопротеид қоры болады.

Жасуша мембранасының құрылысы

Жасуша мембранасының құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі. Электрондық микроскопты пайдаланып жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік және жануар жасушасы (клетка) мембранасының құрылысы толықтай анықталды. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік жасушасы мембранасының жасұнықтан (клетчатка) тұратыны және оның тірек қызметін атқаратыны дәлелденді. Егер өсімдіктің жапырағын бірнеше рет бүктеп қайта жазса, біраздан кейін бұрынғы қалпына келеді. Бұл құбылыс жасуша мембранасының серпімділігін көрсетеді. Сонымен қатар бұл - өсімдік жасушасы мембранасының физикалық қасиетке тән құбылыс.

Жоғары