Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

8 факультетте 47 мамандық бойынша мамандар даярланады. Университетте 506 білікті маман дәріс береді. Олардың арасында 16 ғылыми доктор, 19 професор → профессор,

Жезқазған университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

‎

Жезқазған университеті , О.А. Байқоңыров атындағы — жоғары білім беретін жекеменшік оқу орны.

Жезқазған университеті құрамында 4 институт:

  • Экономика және құқық
  • Тау-кен инженерлік
  • Филология және өнер
  • Жаратылыстану институттары) бар.

Тарихы

8 факультетте 47 мамандық бойынша мамандар даярланады. Университетте 506 білікті маман дәріс береді. Олардың арасында 16 ғылыми доктор, 19 професор → профессор, 40 доцент, 85 ғылыми кандидат бар. Күндізгі бөлімде 4171, сырттай бөлімде 2522 студент білім алуда (2001). Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 1996 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 Қаулысы негізінде Жезқазған тау-кен - технологиялық және педагогтік институттарын біріктіру жолымен құрылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 3 тамыздағы бұйрығымен Жезқазған университетіне А № 0000035 мемлекеттік аккредитациялау туралы куәлігі берілді.

Үкіметтің «Білім беру қызметін лицензиялау Ережелерін бекіту туралы» 2000 жылдың 18 сәуірдегі № 596 Қаулысына сәйкес 2002 жылғы 9 ақпанда университетке жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АА № 0000019 мемлекеттік лицензиясы берілді.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қызметі халықаралық деңгейде танылған. 2005 жылы желтоқсанда АС «Русский регистр» және IQNеt СҚ-ның ИСО 9001:2000 халықаралық сапа сертификатын алды және оны 2006 жылдың тамызы мен 2008 жылдың қазан айлырында → айларында жүрген инспекциялық тексеріс нәтижесінде растады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі №585 бұйрығымен «Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ Мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Университет құрамындағы 3 институт (гуманиарлық-педагогтік → гуманитарлық-педагогтік, экономика және құқық, тау-кен - технологиялық) 33 мамандық бойынша кадрлар даярлайды.


БАКАЛАВРИАТ

  • 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • 5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • 5В010700 Бейнелеу өнері және сызу
  • 5В010800 Денешынықтыру және спорт
  • 5В010900 Математика
  • 5В011000 Физика
  • 5В011100 Информатика
  • 5В011300 Биология
  • 5В011600 География
  • 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті
  • 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі
  • 5В012000 Кәсіптік оқыту
  • 5В042100 Дизайн
  • 5В060200 Информатика
  • 5В030100 Құқықтану
  • 5В050600 Экономика
  • 5В050700 Менеджмент
  • 5В050900 Қаржы
  • 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • 5В090800 Бағалау
  • 5В070200 Автоматтандыру және басқару
  • 5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • 5В070700 Тау- кен ісі
  • 5В070900 Металлургия
  • 5В071200 Машина жасау
  • 5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • 5В071800 Электр энергетикасы
  • 5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • 5В072900 Құрылыс
  • 5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • 5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру


МАГИСТРАТУРА


  • 6М010300 Педагогика және психология,
  • 6М010900 Математика,
  • 6М011300 Биология,
  • 6М011600 География,
  • 6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті,
  • 6М050600 Экономика

Сілтемелер

Жезказганский университет имени О. А. Байконурова
ЖезУ имени О.А.Байконурова 29 сәуірдің 2007 жылы.

Жоғары