Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынд

Жеке кәсіпкерлік

  • Басты бет
  • Жеке кәсіпкерлік

Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.

Қызметкерлер болмаған кезде, IP жабу процедурасы жеке кәсіпкер мәртебесінен бас тартқан кезде ескерілуі керек ерекшеліктерге ие.

Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

  • мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;
  • келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;
  • еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;
  • шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;
  • жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;
  • бағалар мен тарифтерді белгілеу;
  • таза пайданы пайдалану;
    • сыртқы экономикалық қатынастарда болу, т.б.
    ←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
    Ең көп оқылған - Уикипедия
    • Наурыз 23, 2026

      Жалқы есім

    • Сәуір 08, 2026

      Оспан батыр

    • Сәуір 08, 2026

      Солшыл саясат

    • Сәуір 08, 2026

      Илхан мемлекеті

    • Сәуір 06, 2026

      Жаман Қайрақты

    Студия

    • Уикипедия

    Жаңалықтарға жазылу

    Байланысу
    Бізбен байланыс
    © 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
    Авторлық құқық: Dadash Mammadov
    Жоғары