Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жетісу қақпасы, Жоңғар қақпасы — батысында Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы) , шығысында Бірліктау және Майлытау жоталарының аралығындағы тауаралық ойыс, табиғи ө

Жетісу қақпасы

  • Басты бет
  • Жетісу қақпасы

Жетісу қақпасы, Жоңғар қақпасы — батысында Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы) , шығысында Бірліктау және Майлытау жоталарының аралығындағы тауаралық ойыс, табиғи өткел. Ол Балқаш-Алакөл ойысын Ебінұр көлі арқылы Жоңғар жазығымен жалғастырады.

  • Абсолют биіктігі 300 — 400 м, ұзындығы 80 км, ең тар жері 10 км.
  • Солтүстігінде Жалаңашкөл көлі жатыр. Климаты қуаң, күшті Ебі желі соғады. Қыс айларында желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан. Қыста желдің жылдамдығы 60 — 80 м/с-қа жетеді.
  • Өзінің жіңішке және ұзын пішініне байланысты Жетісу Қақпалары табиғи аэродинамикалық құбырды пайда қылады. Қақпа арқылы өткенде жел қысымға ұшырап, Бернулли заңының әсерімен жылдамдығы артып 70 м/с-қа дейін жететін желдер соғады
  • Желден қуаттылығы 5 мың МВт шамасында энергия алуға болатындығы болжанды (қараңыз Жел энергетикасы).
  • Жетісу қақпасы Еуразия бассейніндегі орасан зор ауа массасы ауысатын Ортa Азиядағы “жел полюсі” саналады.
  • Жетісу қақпасы ерте заманда Орта Азиямен Қазақстанның көшпелі халықтары бір-бірімен қатынасатын жол болған. П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Шоқан Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, Л.С. Берг саяхатшы ғалымдар зерттеген. Қақпа арқылы Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын Достық — Алашанкоу (Гофузди) темір жолы өтеді.
  • Табиғи тар өтуі ені 10 км-ден аз.
  • Жел Сайқанның қытай тілінен аудармасымен бірнеше мағынасы бар - «Жайсаңдар Иесі», «Қанатты жел» немесе «Жел бұзушы».
  • Аңыз бойынша 300 жылдай бұрын, жоңғарлармен соғыс кезінде Қабанбай батыр оларды жеңіп, терең шатқалға барғанда, ақпайтын өзен ағып кеткен. Қабанбай батыр қолын көтеріп: «Тоқта» деді. Содан бері өзен Тоқта деп аталады. Қазір Үшарал-Достық жолының бойындағы өзен үстіндегі көпір қауіпті жерлердің бірі болып саналады.

Әдебиет

  • Гинатуллин Лингвистикалық сөздік. - Алматы: Рарий, 2010
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Қоңыржай климат

  • Сәуір 04, 2026

    Грамматикалық мағына

  • Наурыз 12, 2026

    Семей полигоны

  • Наурыз 13, 2026

    Алланың есімдері

  • Наурыз 19, 2026

    Крест жорықтары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары