Жүсіпбек Алтайбаев (23.08.1911, Шет ауданы - 1987) - сықақшы. Лақап аты — Ш. Тарпанбаев.
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.
- 1933 — 1971 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі, жауапты хатшысы, редакторы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің жауапты хатшысы, «Вожатый» журналының редакторы, «Комсомол» баласының Бас редакторы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің жауапты хатшы-сы, Талдықорған облысы «Сталиншіл» (кейін «Жерұйық»), Семей облысы «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газеттерінің редакторы, ҚазТАГ-тың директоры, Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы, ҚР Телевизия және радиохабары жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, сатиралық «Ара» — «Шмель» журналының Бас редакторы болды.
- Баспасөзде 1938 жылдан көріне бастады. 1965 жылы алғашқы сатиралық жинағы «Нақ-нақ» жарық көрді. Кейін «Сыпырғыш» (1969), «Ұят-ай» (1973), «Түлек» (1977), «Бұзаулы сиырға арзан домбыра» (1978), т.б. фельетон, сықақ, әңгіме, повестер жинақтары басыдды.
- Аударма саласында: Н.Гогольдің «Диканька хуторы маңындағы кештер», И.Тургеневтің «Қарсақша», М.Горькийдің «Фома Гордеев», Р.Джованьолидің «Спартак», И.Ильф пен Е.Петровтың «Алтын баспақ», «Он екі орындық» романдарын аударды.
- 3 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Санаттар:
- 23 тамызда туғандар
- 1911 жылы туғандар
- Шет ауданында туғандар
- 1987 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан журналистері
- Қазақстан сықақшылары
- Қазақстан аудармашылары
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері