Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жұлдыз атмосферасы — жұлдыздың сыртқы қабаты. Ол өзі бірнеше деңгейден тұрады.

Жұлдыз атмосферасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Күн тұтылуы кезінде хромосфераның қызғылтым аймақтары және тәж анық көрінеді

Жұлдыз атмосферасы — жұлдыздың сыртқы қабаты. Ол өзі бірнеше деңгейден тұрады.

Құрылымы

  • Фотосфера — жұлдыз атмосферасының төменгі қабаты, көрінетін жарық осы деңгейден шығарылады, сондай-ақ мұнда дақтар түзіледі. Фотосфераның температурасы 5770-5780 K аралығында болады.
  • Одан жоғары хромосфера қабаты орналасады, оның температурасы 10 есе артық болады. Мысал үшін, Күнде хромосфераның қалыңдығы 10 000 шақырым құрайды.
  • Одан кейін қалыңдығы небәрі 100 шақырым болатын аралық қабат орналасады, онда температура күрт өсе бастайды.
  • Қатты қызған плазмадан құралған тәж — ең ыстық қабат, оның температурасы бірнеше миллион К құрайды. Тәж негізгі тізбек жұлдыздарының бәрінде бар, бірақ алып және аса алып жұлдыздарда анда-санда ғана кездеседі.

Тағы қараңыз

  • Сесилия Пейн-Гапошкин — жұлдыз атмосферасының тұжырымдамасын ұсынды
Жоғары