Жұлдыздың жарқырауы — жұлдыздың белгілі уақыт аралығында шығаратын энергия мөлшері, яғни жұлдыздың жарық күші. Бұл көрсеткіш жұлдыздың маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Жұлдыздың одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды жарықтандыратын жарық мөлшері.
Жұлдыздың жарқырауы жұлдыз спектрінің жеке аймағына (жұлдыздардың визуалдық жарқырауы, фотографиялық жарқырауы, т.б.) немесе оның шығаратын сәулесінің қосындысына (жұлдыздардың болометрлік жарқырауы) байланысты анықталады.
Жұлдыздың жарқырауы Күннің жарқырау бірлігімен өрнектеледі ( = 3,86×1033эрг/с).
Санаттар:
- Жұлдыздар
- Астрофизика