Жұмабике Серікбаева (8 наурыз 1917, Ақмола облысы Сабынды ауданы — 24 шілде 1996, Шымкент) — актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1974).
Өмірбаяны
- 1938 ж. Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейіннен Мемлекеттік театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген. Мұнда Л.С. Вивьен, И.В. Мейерхольд және В.В. Меркурьев сынды өнер шеберлерінен сабақ алды.
- Сол жылдан Шымкент облысы драма театрында актриса болып қызмет етті.
Рольдері
Оның алғашқы ойнаған рөлі — М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” трагедиясындағы Еңлік. Бұдан кейінгі ойнаған негізгі рөлдері: Қарагөз, Құртқа (Әуезов, “Қарагөз” бен “Қара қыпшақ Қобыланды”), Баян, Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” мен “Ақан сері — Ақтоқты”), Алма (М.Ақынжанов, “Исатай мен Махамбет”), Сәуле (Т.Ахтановтың осы аттас спектаклі), Ажар (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”), Таңқабике (М.Кәрім, “Ай тұтылған түн”), Полина (О. де Бальзак, “Өгей шеше”), Коринкина (А.Н. Островский, “Жазықсыздан жапа шеккендер”), т.б. С. сахналық кейіпкерінің ішкі сезім дүниесіне жоғары мән берумен ерекшеленді. Театрда қойылған музыкалық спектакльдерге де қатысып, Қыз Жібек, (Мүсірепов, “Қыз Жібек”), Шұға (Б.Майлин, “Шұға”), Ақжүніс (Е.Г. Брусиловский, “Ер Тарғын”) сияқты рөлдерді орындады.
- 8 наурызда туғандар
- 1917 жылы туғандар
- Қорғалжын ауданында туғандар
- 24 шілдеде қайтыс болғандар
- 1996 жылы қайтыс болғандар
- Шымкентте қайтыс болғандар
- Қазақстан актрисалары
- Қазақстан әншілері
- Қазақстан театр актерлері
- Қазақстан халық әртістері