Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Алтай тау сілемдері мен Тарбағатай-Сауыр таулары аралығында, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, теңіз деңгейінен 395-1000 м жоғарыда жатыр. Жалпы ұзындығы 250 км

Зайсан қазаншұңқыры

  • Басты бет
  • Зайсан қазаншұңқыры

Зайсан қазаншұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс.

Мазмұны

Географиялық орны

Алтай тау сілемдері мен Тарбағатай-Сауыр таулары аралығында, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, теңіз деңгейінен 395-1000 м жоғарыда жатыр. Жалпы ұзындығы 250 км, енді жері 140 км-ге дейін. Қазаншұңқыр батысында Шар-Көкпекті шоқыларына ұласады.

Геологиялық құрылымы

Палеозойдың қатпарлық іргетасы қазаншұңқырдың осьтік бөлігі арқылы 1600-1700 м тереңдікте өтеді. Оның бетін бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдерінің құрлықтық шөгінділері жауып жатыр.

Жер бедері

Өңірде шөлге және шөлейтке тән ландшафт басым. Ең ойыс жерінде Зайсан көлі мен Бұқтырма бөгенінің оңтүстік бөлігі орналасқан.

Климаты, топырағы

Климаты тым континенттік. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –21°С. Кейбір жылдары температура –49°С-қа дейін төмендейді. Шілде айындағы жылдық орташа температура 22°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм шамасында. Қазаншұңқыр аумағында батыс, оңтүстік-батыс бағыттан күшті желдер соғады. Топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр, шығыс бөлігінде құмды топырақтар басым. Суғармалы егіншілік, мал шаруашылығы дамыған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Қор нарығы

  • Наурыз 29, 2026

    Қаратпа сөз

  • Сәуір 05, 2026

    Баба сұлтан

  • Наурыз 11, 2026

    Қаңлылар

  • Сәуір 03, 2026

    Рейхстаг (ғимарат)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары