Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

[[Astana TV]]"},"бейне форматы":{"wt":"16:9"},"дыбыс форматы":{"wt":""},"көрсете бастады":{"wt":"2018— қазірге дейін"},"соңғы рет көрсетілді":{"wt":""},"алдыңғы

Зу-Зу Күлпаш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Зу-Зу Күлпәш
Жанры комедия
Формат 16:9
Рөлдерде Берік Тұрсынбеков
Композиторы Руслан Шынықұлов,

Айсерік Нұржан

Мемлекет  Қазақстан
Тілі қазақша
Маусымдар саны 2
Сериялар саны 12/26
Өндіріс
Продюсер Сырым Жәнібек
Режиссёрі Жандос Еспенбетов
Операторы Айболат Бірімтай,

Еркебұлан Тасын

Сценарист Алмас Ахметов
Түсірілім орны Нысамбек, Төле би ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан
Серия ұзақтығы 40-50 мин
Хабар тарату
Телеарна Жетінші арна
Astana TV
Бейне форматы 16:9
Таратылым кезеңі 2018— қазірге дейін 
Хронология
Алдыңғысы Күлпәштың хикаялары
Келесі шоу Зу-зу Күлпаш

Зың-Зың Күлпәш — «Күлпаштың хикаялары» атты комедиялық жанрдағы телехикаяның жалғасы, «Шымкент Шоу» театры актерларының басшылығымен түсірілген сериал. Идея авторы — Берік Тұрсынбеков. 2018 жылы қыркүйек айында Жетінші арнада көрсетілді.

2023 жылға дейін Зың-Зың Күлпәш деп аталды.

Фактілер

«Зың-Зың Күлпаш» жобасы алғаш рет «Шымкент Шоу» театрының сахналық қойылымы ретінде көрерменге жол тартты. Сахналық нұсқаның халық арасында үлкен танымалдылыққа ие болуына байланысты, театр актерлары бұл идеяны одан әрі дамытып, аттас комедиялық телесериал түсіруді қолға алды.

Оқиға алаңсыз, аңғал көңілмен тіршілік етіп жатқан ауыл тұрғындарының шым-шытырман өмірлерін баяндайды. Күлпәш — өзінің аңғалдығымен, әзілге бейім өткір тілімен, көмектесемін деп күлкілі оқиғаға тап болатын аңқаулығымен ауыл тұрғындарының аузында қалған кейіпкер.

Фильмде сондай-ақ, «Шаншар», «Алдараспан», «Ерекше шоу» театрларының әртістері ойнаған.

2019-20 жылдары осы атаумен сериалдың екінші-үшінші маусымы түсірілді.

Түсірілімдер Түркістан облысы Төле би ауданы, Нысамбек ауылында өтті. 2-маусымда Түркістан облысы, Төле би ауданы, Маятас ауылында өтсе, 2020 жылғы түсрілім Қасқасу ауылында болды.

2023 жылдан бастап "Зу-зу Күлпаш" деген атаумен жаңа маусымдары басталды.

Кейіпкерлер

  • Күлпәш — үйдің үлкен келіні, Жексеннің әйелі, аузы да, қолы да жылдам, мейлінше адал, аңқау, ешкімге есесін жібермейді. Баяғы "Шымкент шоу" әдеп шыққан кездегі образдан айнымаған.
  • Нәкөнай — Күлпаштың қайнысы, үйдің ерке баласы, үйленбеген. Басқаларға ұқсамайтын, өз әлемі бар, ақыл-есі де анау айтқан орнықты емес, сонысымен күлкіге қалатын да жүретін кейіпкер.
  • Кәтәлөк — Күлпаштың абысыны, аңқау, сұраншақ, ақкөңіл, Дүйсеннің әйелі.
  • Апа — 5 баланың, соның ішінде 3 ұл (Дүйсен, Жексен және Бейсен), 2 қыздың (Қатираш пен Сағираш) анасы, Күлпаш пен Кәтәлөктің қайын енесі. Ақкөңіл, мейірімді, қамқор ана.
  • Жексен — апаның тұңғыш ұлы,Күлпаштың күйеуі,Дүйсеннің ағасы.
  • Дүйсен — апаның екінші ұлы, Нәкөнайдың ағасы,Жексеннің бауыры, Кәтәлөктің күйеуі.

Рөлдерде

Негізгі кейіпкерлер

  • Берік Тұрсынбеков - Күлпәш
  • Дәурен Жұмәділов - Жексен
  • Қарлығаш Ахметова - Каталек
  • Нұрболат Есенбекұлы - Нәкөнай
  • Ұлбосын Базарбаева - Апа
  • Нұржан Төлендиев - Дүйсен ( 1 маусымда )
  • Ерлан Даулетбеков - Самат
  • Айнұр Жұбатқанқызы - Жәмилә (Зың-Зың Күлпаш хикаяларында)
  • Гүлсән Серікбаева - Жәмилә (Зу-Зу Күлпаш хикаяларында)
  • Мейрамхан Шалқыбеков - Дүйсен ( 2 маусымда )

Эпизодтарда:

  • Жүсіп Ақшора - Жүке
  • Нартай Сүлейменов - Тұрған
  • Жұлдызай Дүйсенбиева - Сағираш
  • Ғалымжан Қалыбаев - Әкім ( 1 маусымда)
  • Дәнекер Оразбай - Әкім ( 2 маусымда )
  • Ержан Тілеков - Қақонай
  • Ержігіт Қамытбеков
  • Абай Аязбаев - алаяқ
  • Мәди Төреқұлов - Бейсен
  • Жарас Ахметов - Қайрат
  • Ақсүйрік Абайқызы - Мақпал
  • Ұлан Мамырбеков - ұры
  • Микош - Мейіржан Қалмаханұлы
Жоғары