"Зубдат әл-асар" ("Жылнамалар қаймағы") - орта ғасырлық тарихи шығарма. Толық атауы - "Тарих-изубдатәл-асар"("Жылнамалар қаймағы аталған тарих"). Авторы - Абдаллаһ бин Мұхаммед бин Әли Насралдаһи, қысқаша Абдаллаһ Балхи.
Ол Балх қаласының білімді адамдарының бірі болған. "Зубдат әл-асар" Мұхаммед сұлтанның жеке тапсырмасымен 1525 жылдан кейін шағатай тілінде жазылған. Қолжазба еңбегің 3 нұсқасы Санкт-Петербургте, Ташкентте (бұл екі қолжазба да тақырыпсыз), Лондонда сақталған. Шығармада дүниенің жаратылысынан бастап, Сүйінішқожа хан қайтыс болған 1925 жылға дейінгі автордың өзі білген Шайбани әулетінің тарихына қатысты оқиғалар баяндалады.
"Зубдат әл-асар" ғылымының айналымға енгізген В.В. Бартольдтың айтуынша, шығарма "Тамам ат-тауарих" деп те аталады. "Зубдат әл-асар" Шамс әд-Дин Әбу Абдоллах Мүхаммед әл-Мұқаддаси, Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари, Ала Әд-Дин Ата Мәлік Жуайни, Рашид әд-Дин, Абд әр-Раззақ Самарқанди, тағы басқалардың еңбектері пайдаланылған. Шығарманың Шайбани әулетіне арналған тарауында қазақ халқының тарихына қатысты деректер кездеседі. Автор өзі баяндаған оқиғалардың куәсі болған.
- Тарихи шығармалар