Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Идентити (ағылш. Identity) — бұл тұлғаны, немесе топты сипаттайтын қасиеттер, сенімдер, тұлғалық мінез, сырткөрініс және/немесе жариялығы.

Идентити (әлеуметтану)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Саусақ ізі идентитиі

Идентити (ағылш. Identity) — бұл тұлғаны, немесе топты сипаттайтын қасиеттер, сенімдер, тұлғалық мінез, сырткөрініс және/немесе жариялығы.

Әлеуметтану ұжымдық идентитиге баса назар аударады, ол даралықтардың идентитиі болып, ол рөл-қимылы (role-behavior), және топ мүшелері жиынтығымен сипатталады. Peter Burke бойынша, "идентити бізге кім екенімізді айтады және басқаларға біздің кім екенімізді хабарлайды." Идентити қалыптасқаннан кейін әрекетті жетелейді, яғни "әкелік" идентити "әке" болып әрекет етуге, "медбикелік" идентити "медбике" секілді өзін ұстауға итермелейді."

Психологияда "идентити" термині негізінен тұлғалық идентитиді, немесе даралықты бірегей (unique) ететін өзгеше қасиеттер мен белгілерді сипаттауға қолданылады. Идентитилер өздік-ұғым, өздік-имидж, (біреудің өз сана моделі) және өздік-бағамен, және даралықпен тығыз байланысты. Даралықтар идентитиі шартты, әрі контекстік, жағдайға бейімделулік және өзгергіш. Оның ағындық (fluid) сипатына қарамастан, идентити жеке тұлғаға тұрақты, жалпы анықтама бергендей сезім туғызады, өйткені оның негізі тұлғалық идентити сезімі (жалғасты үздіксіз өзі болу сезімі).

Жоғары