Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

{{lang-en|Elon Reeve Musk}}"},"Туған күні":{"wt":"28.06.1971"},"Туған жері":{"wt":"{{туғанжері|Претория|Преторияда}}, [[Трансвааль (провинция)|Трансвааль]], [[О

Илон Маск

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Илон Маск
ағылш. Elon Musk
Илон Маск
Маск, 2022 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ президентінің аға кеңесшісі
Ту
Ту
20 қаңтар 2025  30 мамыр 2025
Бірігіп басқарушы Массад Булос
Президент Дональд Трамп
Өмірбаяны
Білімі Пенсильвания университеті (1995)
Ғылыми дәрежесі Ғылым бакалавры (1995)
Азаматтығы  ОАР
 Канада (1989 бастап)
 АҚШ (2002 бастап)
Дүниеге келуі 28 маусым 1971 (1971-06-28)(54 жас)
Претория, Трансвааль, ОАР
Туған кездегі есімі Илон Рив Маск
ағылш. Elon Reeve Musk
Жұбайы Джастин Уилсон (2000–2008)
Талула Райли (2010–2012, 2013–2016)
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Илон Маск Ортаққорда

Илон Рив Маск (ағылш. Elon Reeve Musk, ˈiːlɒn ˈmʌsk; 28 маусым 1971 жыл, Претория, ОАР) — кәсіпкер және саясаткер, Tesla, Inc. автокөліктер және SpaceX ғарыш компанияларындағы рөлі үшін белгілі. 2025 жылғы қаңтар—мамыр айларында ол — АҚШ президентінің аға кеңесшісі, Дональд Трамптың екінші кабинетіндегі Үкімет тиімділігі департаментінің де-факто басшысы. Ол, оған қоса, X Corp. компаниясына (X (бұрын Twitter) әлеуметтік желісін басқаратын компания) ие болғаны үшін және The Boring Company, xAI, Neuralink, OpenAI негізін салушыларының бірі болғаны үшін белгілі. Маск — әлемдегі ең бай адам; Forbes 2025 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша оның байлығын $421 миллиард деп шамалады.

Бай оңтүстік африкалық Масктар отбасының мүшесі болған ол Преторияда дүниеге келген және көп ұзамай Претория университетіне баратын. 18 жасында ол Канадаға көшті де, Канадада туған анасы Мэй Маск арқылы сол елдің азаматтығын алды. Екі жылдан кейін ол Куинс университетінде имматрикуляциялады. Кейін ол Пенсильвания университетіне көшіп, ол жерден экономика және физика бойынша бакалавриат алды. 1995 жылы ол Стэнфорд университетінде оқимын деп Калифорнияға көшті, алайда еш сабағына бармай, інісі Кимбал Маскпен бірге Zip2 онлайн қалалық нұсқаулық беретін компанияны құрды. 1999 жылы бұл стартапты $307 миллионға Compaq сатып алды. Сол жылы Маск X.com филиалсыз банкін құрды. 2000 жылы X.com Confinity-мен бірікті де, PayPal пайда болды. 2002 жылы Маск Америка Құрама Штаттарының азаматтығын алды да, сол жылғы қазанда eBay PayPal-ды $1.5 миллиардқа сатып алды. Бұл жердегі $100 миллионды ол 2002 жылы қолданып, SpaceX ғарыштану компаниясын құрды.

2004 жылы Маск Tesla Motors, Inc. (кейін Tesla, Inc.) электр көлік өндірушілерінің ерте инвесторы болды, компанияның бастапқы қаржысын ұсынды да, кейін оның төрағасы болды. Ол 2008 жылы бұл компанияның CEO-сы болды. 2006 жылы Маск SolarCity күн энергиясы компаниясын құрды, оны 2016 жылы Tesla сатып алды да, ол Tesla Energy болды. 2013 жылы Маск hyperloop жылдам вакуумдық пойыз технологиясын ойлап тапты. 2015 жылы ол OpenAI коммерциялық емес жасанды интеллектті зерттеу компаниясының негізін қалаушыларының бірі болды. Келесі жылы ол Neuralink нейротехнология компаниясын және The Boring Company түнел жасау компаниясын құрды. 2018 жылы АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы Маскты Tesla-ны жеке басып алу үшін керек қаржыландыруды қамтамасыз еттім деген жалған айтты деп айыптап, соттады да, Маск $20 миллион айыппұл төлеп, компания төрағалығынан кетуге мәжбүр болды. 2022 жылы ол $44 миллиардқа Twitter-ды сатып алды да, X деп атауын ауыстырып, өзі жаңа құрған X Corp.-пен оны біріктірді. 2023 жылы ол xAI жасанды зият компаниясын құрды.

Масктың әрекеттері мен көзқарасы оны жанжалды тұлғаға айналдырды. Ол ғылымға қарсы және алжастыратын тұжырымдар жасағаны үшін сын көрді, ол COVID-19 жайлы жалған мәлімет, антисемит, гомофоб, трансфоб тұжырымдар мен қастандық теорияларын таратады делінеді. Оның Twitter-ді сатып алғаны да түрлі сынға ұшырады, сол кезден бері компанияда қызмет еткен біраз адам жұмыстарынан айырылды, әлеуметтік желіде өшпенділікті тұтандыратын, жалған ақпарат тарататын жазбалар көбейді. 2024 АҚШ президент сайлауына қарай ол америкалық саясатта белсенді бола кетіп, Дональд Трамптың қаржы мен сөзі бойынша үлкен жақтасы болды. 2025 жылғы қаңтарда Трамп оны Үкімет тиімділігі департаментінің әкімшісі қылып тағайындады.

Ерте жылдары және мансабы

Илон Маск 1971 жылғы 28 маусымда, Преторияда дүниеге келген. Анасы — канадалық Мэй Маск және әкесі — оңтүстік африкалық Эррол Маск. 1981 жылы олар ажырасты да, Маск уақытының көбін Оңтүстік Африка Республикасында әкесімен бірге өткізді. 17 жастағы Маск 1988 жылы Канадаға көшті де, канадалық анасы арқылы сол елдің азаматтығын алды. Ол оны Оңтүстік Африкадағы әскери қызметінің басталайын деп жатқан кезінде алды. Ол Америка Құрама Штаттарына Оңтүстік Африкадан емес, Канададан көшкенін оңай деп ойлады. 1995 жылы Маск інісі Кимбал Маскпен бірге Zip2 бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясын құрды. 1999 жылы ол оны сатты да, долларлық миллионер болды. Кейін ол X.com филиалсыз банкін құрды да, Confinity-мен біріктіріп, PayPal-ды құрды. X.com атауын PayPal деп ауыстырған Маск сол компанияны дамытумен айналысып кетті. Ол кейін SpaceX компаниясын құрды да, Tesla, Inc. автокөліктер компаниясының CEO-сы болды.

Білімі

Маск Кингстон, Онтариодағы Куинс университетінде екі жыл өткізді. Кейін Пенсильвания университетіне көшіп, сол жерде экономика және физика бакалавры болды. Стэнфорд университетінде докторантура алу ниетімен ол Калифорнияға көшті. Алайда екі-ақ күннен кейін ол кәсіпкерлік іспен айналысамын деп бағдарламадан кетті. Масктың интернет, жаңартылатын энергия мен ғарышпен байланысты бизнеспен айналысқысы келген еді. 2002 жылы ол Америка Құрама Штаттарының азаматы болды.

Жобалары

2017 жылдың соңына қарай Маск түнел мен инфрақұрылыммен айналысатын The Boring Company компаниясын құрды. Маск сөзінше, компания құрылу себептерінің бірі Лос-Анджелестегі кептеліс болған. 2017 жылғы наурызда Маск адам миын технологиямен байланыстыратын Neuralink компаниясын құратынын айтты.

2018 жылғы сәуірде Масктың байлығы $10 миллионға жетті де, ол ең бай америкалықтар арасында 37-орын алды.

Интернеттегі цензураға наразылық білдірген Маск 2022 жылы Twitter әлеуметтік желісін сатып алды. CEO ретінде бірінші апталарда ол біраз адамнан сын көрді. Олардың көпшілігі оны көптеген қызметкерлерді бірден жұмыстан шығарды, сондай-ақ өшпенділік тұтандыратын жазбаларды модерациялауға қызығушылық танытпайды деп сынады.

Саясат

2024 жылғы қарашада АҚШ жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Масктың Вивек Рамасвамимен бірге Үкімет тиімділігі департаментіне (DOGE) басшылық ететінін жариялады. Алайда, көп ұзамай, Рамасвами Огайо губернаторы болып сайлануына ниетін білдірді де, DOGE-тан бас тартты.

2025 жылғы 20 қаңтарда сол күні Маск DOGE-тың де-факто әкімшісі болды, Трамп оны аға кеңесшісі етті. 3 айдан кейін, Трамп екеуінің арасындағы кикілжіңнен кейін ол 30 мамырда қызметінен кетті.

Жоғары