| «Иманғали» мешіті | |
«Иманғали» мешіті | |
| Ел |
|
|---|---|
| Қала | Атырау |
| Мешіт түрі | жұма мешіті |
| Соғушы | «Атыраугорстрой» ЖШС, «Алматыгорстрой» ЖАҚ |
| Қайырымгері | «Шапағат» қоғамдық қайырымдылық қоры |
| Құрылысы басталды | 1999 |
| Құрылысы аяқталды | 2001 |
| Жалпы ауданы | 9358 м2 |
| Ішкі ауданы | 1093,1 м2 |
| Сыйымдылығы | 600 адам |
| Күмбездердің саны | 7 |
| Биіктігі | 23 м |
| Күмбездің диаметрі | 5 м |
| Мұнаралар саны | 2 |
| Мұнаралардың биіктігі | 20,7 м |
«Иманғали» мешіті – Атырау қаласының орталығы, Сәтбаев даңғылында орналасқан мешіт.
Сипаттама
Пайдалы көлемі - 1093,1 шаршы метр, 600 адамға арналған. 2 қабаттан тұрады, екі үлкен зал: бес уақыт намаз оқитын зал, ерлер мен әйелдер намаз оқитын зал, Құран оқитын бөлме, медресе, кітапхана, ерлер мен әйелдер үшін дәрет алатын бөлмелер бар. Жалпы аумағы 9358 шаршы метр жерді алып жатыр. Құрылысын «Атыраугорстрой» ЖШС-і мен «Алматыгорстрой» ЖАҚ жүргізді. Қаражатын «Шапағат» қоғамдық қайырымдылық қоры көтерді. Мешіттің сыртында - 235,2 шаршы метр қосымша ғимарат бар. Онда имам және шаруашылық қызметкерлерінің бөлмелері орналасқан.
Архитектурасы
Қабырғасы силикат кірпішпен қаланып, сырты мәрмәрмен қапталған. Кіре беріске әдемі плита, еден бетіне ковралан төселген. Диаметрі 7 метрлі - үлкен күмбезді, барабандағы биіктігі 23 метрлі – ғимарат. Намаз бөлмесінің төріне, орталық күмбезді айналдыра және орталық қақпаның қос қапталына қасиетті Құран аяттарының сүрелері жазылып, жапсырылған. Мешіт қабырғасының биіктігі - 15 метр. Есік маңдайшаларының жоғарғы жағы батырлар дулығасы іспетті. Мешіттің екі мұнарасы бар. Бас мұнарасының биіктігі - 20,7 метр. Мінбердің биіктігі - 3 метр. Ол жоғарғы сапалы ағаштан жасалған. Үлкен күмбездің диаметрі - 5 метр, қалған 6 кіші күмбездерінің диаметрлері - 1метр. Орталық күмбез астындағы салмағы жарты тонна 150 шамы бар алып аспалы шам бар.
- Алфавит бойынша мешіттер
- Атырау облысы мешіттері
