| Иньяки Пенья | |||||||||||||
| | |||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Игнасио Пенья Соторрес | ||||||||||||
| Туған күні | 2 наурыз 1999 (27 жас) | ||||||||||||
| Туған жері | Аликанте, Испания | ||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||
| Бойы | 184 | ||||||||||||
| Позиция | қақпашы | ||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||
| Клуб |
| ||||||||||||
| Номері | 13 | ||||||||||||
| |||||||||||||
Игнасио Пенья Соторрес (ис. Ignacio "Iñaki" Peña Sotorres; 2 наурыз 1999, Аликанте, Испания) — испан футболшысы, «Барселона» клубының қақпашысы.
Мансабы
Клубтық мансабы
Барселона
Аликанте қаласында дүниеге келген Пенья 2004 жылы, бес жасында, Аликанте футбол клубының жасөспірімдер құрамында өзінің мансабын бастады. 2012 жылы, 13 жасында, ол Вильярреал футбол клубынан [[Барселона (футбол клубы)|Барселонаға қосылды. Иньяки Пенья 2017-18 UEFA Жастар Лигасын жеңген команданың құрамында болды.
2018 жылдың 16 сәуірінде Пенья Барселонамен келісімшартын үш маусымға созды. 2018-19 маусымын ол Сегундада Барселона B командасында бастады.
2018 жылдың 30 қазанында Пенья алғаш рет негізгі құрамға Испания кубогының 1/32 финалында Культураль Леонеса клубына қарсы ойында шақырылды, бірақ ол ойын барысында алаңға шықпады. Сондай-ақ, ол осы маусымда Яспер Силлессен мен негізгі қақпашы Марк-Андре тер Штеген жарақат алған кезде бірнеше рет қосалқы құрамға қосылды.
Галатасарай
2022 жылдың 31 қаңтарында Иньяки Пенья маусымның соңына дейін Галатасарайға жалға берілді. 6 ақпанда, бұрынғы Барселона көмекшісі Доменек Торрентің жетекшілігімен, ол Сүпер Лигада Аланьяспорға қарсы 1–1 есебімен тең ойында дебютін жасады. Иньяки Пенья Галатасарай құрамында 6 ойын өткізді.
Барселонаға оралу
Иньяки Пенья жалдау келісімшартының мерзімі аяқталған соң, Барселонаға қайта оралып, 2022 жылдың 1 қарашасында УЕФА Чемпиондар Лигасында Виктория Пльзень клубына қарсы 4-2 есебімен сырт алаңда жеңіске жеткен ойында ресми түрде бірінші құрамда дебют жасады.
2023 жылдың 3 қаңтарында Пенья бірінші команда ойыншысы ретінде тіркеліп, Борнмут футбол клубына ауысқан Нетоның орнына бос қалған 13-ші нөмірлі футболкаға ие болды.
2023 жылдың 9 мамырында Пенья Барселонамен келісімшартты ұзартып, 2026 жылға дейін клубта қалатынын мәлімдеді.
Жетістіктері
Командалық
- Барселона
- Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25
- Футболдан Испания Кубогының жеңімпазы: 2020/21, 2024/25
- Испания суперкубогының жеңімпазы: 2023, 2025
- 2 наурызда туғандар
- 1999 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Испания футболшылары
- Барселона ФК ойыншылары